Page 88 -
P. 88

Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


              1.  Бірқалыпты қозғалып келе жатқан жүк мәшинесінің үстінде жәшік тұр делік. Жүргізуші кенеттен те-
                 жегішті басқан кезде, жәшік алдыға қарай сырғанай бастайды. Ньютон заңдарын қолдана отырып,
                 жәшіктің қозғалысын (а) жол жиегінде тұрған Қанат және (ә) жүк мәшинесінің үстінде тұрған Әсет
                 қалай сипаттайтынын түсіндір.
              2.  Дене ауырлық күші әсерінен жер бетіне еркін құлайды. Ньютонның үшінші заңы бойынша дене де
                 жерде ауырлық күшінің модуліне тең күшпен тартады. Жер неге денеге қарай қозғал-
                 майтынын түсіндір.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              3.  Салмағы 50 Н болатын жәшік 4.35­суретте көрсетілгендей орналасқан. Жіптің екінші
                 ұшына жүк ілген кезде, жәшік 1,2 м/с  үдеумен жоғары қарай көтеріле бастады. Жүктің
                                                   2
                                            2
                 массасын анықта. (g = 10 м/с )
              4.  Автокөліктің салмағы W­ға тең. Ол қисықтық радиусы R­ға тең төбенің А нүктесінен
                                                                                     3
                 өткенде автокөлікке жол тарапынан әсер ететін тіректің реакция күші    W­ға тең
                                                                                     4                 4.35­сурет
                 болады (4.36­суретке қара). Автокөлік қисықтық радиусы дәл осындай сайдың С нүк-
                 тесінен өткенде, оған әсер ететін тіректің реакция күші қандай болады?

                          A
                         R            ∑БАЛЫҚ НҰСҚА
                                                  R
                                     B
                                                 C



                   4.36­сурет

               Қорытынды
               •   Ньютонның бірінші заңы. Кез келген материалдық нүкте (дене) басқа сыртқы әсер оның кү­
                   йін  өзгерткенге  дейін  тыныштық  күйін  сақтайды  немесе  бірқалыпты  түзу сызықты  қозғалысын
                   жалғас тырады.      
               •  ЖО                 m F  .                                                        → 1   → 2
                   Ньютонның екінші заңы. Инерциалды санақ жүйесінде дененің алатын үдеуі денеге әсер ететін
               •
                   барлық  күштердің  векторлық  қосындысына  тура  пропорционал  және  дененің  массасына  кері
                   пропорционал:  a =

               •
                   Ньютонның үшінші заңы. Сыртқы әрекет етуші күшке әрқашан қарсы әрекет күші пайда болады.
                   Әрекет және қарсы әрекет күштерінің модульдері тең және қарама­қарсы бағытталады: F  = –F  .
                   Деформация  — сыртқы күштер әрекетінен дене пішінінің немесе көлемінің өзгеруі («deformatio»
               •
                   латын сөзі, бұрмалау деген мағынаны білдіреді).
                   Гук заңы. Деформация кезінде пайда болған серпімділік күші серіппенің ұзаруына тура пропор-
                   ционал болады: F   =–kx немесе F  =k|x|.
                                   серп            серп
               •   Дененің салмағы, тіректің реакция күші және жіптің керілу күші табиғаты бойынша серпімділік
                   күшінің түрлері болып табылады. Дененің салмағы — денелердің аспаға немесе тірекке түсіретін
                   серпімділік күші.
               •   Үйкеліс және ауаның кедергі күші — дененің қозғалысына кедергі жасайтын күштер.




              88
              88
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93