Page 90 -
P. 90

•  «Өріс» деген сөзді       5.1   Гравитациялық өріс.
               естігенде көз алдыңа
               не елестейді?                       Өріс кернеулігі.
               •  Өрісті сызып
               көрсет және
               сызбаңды түсіндір.            Өз заманында Аристотель барлық құбылыстарды механика,
                                          оптика деп ажыратып жатпай, философиялық тұрғыдан әлем
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
              ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                          тұтас деп бақылаған болатын. Дегенмен, Аристотель қозға-
              ■  гравитация               лысты табиғи және күшпен болатын қозғалыс деп екі топқа
                                          ажыратқан (5.1-сурет).
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              ■  өріс кернеулігі
                                              Ол аспан денелерінің қозғалысын сипаттап, егер ауыр бол-
                                          са, дене төмен қарай, жеңіл болса, жоғары қарай қозғалады,
                                          ал ауыр да емес, жеңіл де емес денелер шеңбер бойымен
                                          қозғалады деген.
                                             Дегенмен, Галилей (5.2-сурет) Аристотель пікірімен келісе
                                          қоймады. Өз тәжірибелерінде барлық денелер массаға тәуелсіз,
                                          жерге бірдей уақытта құлайды деп ұйғарды. Өзін ынталанды-
                   5.1-сурет. Аристотель  рып, білімін дамытуға Декарттың «механикалық құйын-пла-
                                          неталар тартылысының көзі» деген пікірімен келіспейтіні әсер
                                          еткен. Зерттеушілер ғаламшарды «құйын болмаса не қозға-
                                          лысқа келтіреді?» деген сұраққа әртүрлі болжамдар жасаған.
                                          И.Кеплер, Р.Гук болжамдары «Күн мен ғаламшарлар арасында
                                          тартылыс күші бар» деген болжамдарын тексеруге ұмтылды.
                                          Бірақ күні бүгінге дейін болжам нақты анықталған жоқ.
                                             Тұйық  дене  және  тұйық  жүйе  абстракция  деген  Ньютон  болжамын
                                          теріске шығарғандар да болды. Ньютон механикасына тек Гюйгенс қана
                   5.2-сурет. Г. Галилей   қарсы болмады. Ньютон механикасы Англияда бірден қабылданбады. Ок-
                                          сфордта тек 1694 ж. оқытыла бастаса, Англия мектептерінің көбінде Нью-
                                          тон  дүниеден  өткенге  дейін  француз  оқулықтарымен  оқытылып  жүрді
                                          (5.3-сурет).
                                             Кез келген екі дене арасындағы өрісті біз қолмен ұстай ал-
                                          маймыз, бірақ ол өзара әсер арқылы сезіледі. Гравитациялық
                                          өрісті үлгілеу үшін екі денені жіппен өзара байлап, біреуін
                                          тартқанда, не қозғалтқанда, екіншісі қоса тартылады немесе
                                          қозғалады. Бұл жағдайда денелер арасындағы байланыс – жіп.
                   5.3-сурет. И. Ньютонға
                 қойылған ескерткіш       Егер жіпсіз екі допты бірінің үстіне бірін қойып, жерге еркін та-
                                          стайтын болса, денелер арасында өзара әсер байқалады. Олай
                                          болса, денелердің өзара әсерлесуі материяның ерекше түрі
                                          – гравитациялық өріс арқылы жүзеге асады. Гравитациялық
                                          өріс кернеулігінің жер бетіне жақын аумақта еркін түсу үдеуіне
                                          тең екенін келесі тақырыптарда нақты тоқталатын боламыз.
                                             Гравитациялық өріс массасы бар, кез келген дененің ай-
                                          наласында болады. Массаға ие денелердің барлығы грави-
                                          тациялық өріс арқылы әсерлеседі. Өрісте барлық нүктедегі


              90
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95