Page 22 -
P. 22

5.  Неліктен өсімдіктер глюкоза емес, крахмалды қорға жинайды?
                                                                                                         [2]
           6.  Ағзада тасымалдауға қатысатын нәруыздарды атап, қызметін сипатта.
                                                                                                         [2]
           7.  Нәруыздың түрлері мен қызметі туралы сипаттамаларды сәйкестендір.
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
            Реті          Нәруыздар                                   Сипаттамалары
            1    Коллаген, кератин             a) Биохимиялық реакцияларды жүргізетін нәруыздар тобы
            2    Актин мен миозин              b) Жануарларда құрылымдық қызмет атқаратын нәруыздар
            3    Антиденелер                   c) Ағзаны қорғайтын нәруыздар
            4    Ферменттер                    d) Ағзада газдарды тасымалдайтын нәруыздар
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
            5    Гормондар                     e) Ағзаның қозғалысына жауапты нәруыздар
            6    Гемоглобин                    f) Ағзада қорға жиналатын нәруыздар
            7    Тұқымдағы алейрон нәруыздары  g) Ағзадағы жасушаларға сигнал әкеліп, хабар жеткізетін нәруыздар


           8.  Нәруыздар туралы «жалған», «шындық» тапсырмасын орында.
               A.  Нәруыздар ағзадағы ең негізгі энергия көзі болып табылады.
               B.  Нәруыздар жасушадағы ең негізгі құрылымдық және қызметтік заттар болып табылады.
               C.  Нәруыз – аминқышқылдары мономерінен тұратын полимер.
               D.  Барлық нәруыздар ағзадағы реакцияларды катализдей алады.
               E.  Терінің беткі бөлігінің құрамында актин мен миозин көп кездеседі.
               F.  Нәруыздар көмірсуларға қарағанда аз энергия бөледі.
               G.  Инсулин сияқты кейбір нәруыздар жасушалар арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
               H. Ағзадағы көмірсулар мен майлар қоры таусылғанда ол бұлшықеттеріндегі нәруызды энергия үшін
                 пайдалана бастайды.
               I.  Адам ағзасындағы нәруыз жетіспеушілік оның тіршілігі үшін еш қауіп төндірмейді.
           9.  Адамның дене қызуы көтерілгенде оны дереу қалпына келтіру шараларын қолдану ұсынылады. Оның
               себебін түсіндір.

           10. Суретте Биурет тестісінің нәтижелері көрсетілген.
               1.  Зерттеу нәтижесіне талдау жаса.
               2.  Биурет тестісін жасау тәсілін сипатта.

           11. Жыланның уы негізінен нәруыздан тұрады. Неліктен, медициналық көмек болмаған жағдайда, жы-
               лан шаққан адамды құтқару үшін оны токпен соғуға болады (мысалы, автомобиль аккумуляторына
               қосылған сымдар арқылы)?
























           22
   17   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27