Page 20 -
P. 20

Биология біздің өмірімізде


           Қоректік құнарлылығы жоғары тағам өнімдерін анықтау
               Адам денсаулығының негізі – ағзадағы органикалық және бейорганикалық заттардың
           тиісті мөлшерінің жеткілікті қабылдануы. Ол үшін күнделікті тұтынатын тағам өнімдерін
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           дұрыс таңдап, сапалы тамақтану рационын құра білу қажет. Тамақтану рационын құру
           үшін аса маңызды құрылымдық материал және энергия көзі болып табылатын көмірсу-
           лар, нәруыздар және липидтердің әртүрлі азық-түлік өнімдерінің құрамында кездесетін
           мөлшерін білу қажет.
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              Тамақтың калория мөлшері мен химиялық құрамын есептеу жолдары.
              Берілген кестенің көмегімен кейбір тағам өнімдерінің құрамы мен калория мөлшерін анықтауға болады.
                                                           Химиялық құрамы, г
                Азық-түліктер       Салмағы, г                                              мөлшері, ккал
                                                  нәруыздар      майлар      көмірсулар
            Ет (орташа күйлі)           100          18,9          12,4           -              187
            Картоп                      200           4,0           -            39,4            164
            Пияз                        12            0,2           -            1,0              5
            Майлар (маргарин)            8             -            6,6           -              60
            Бидай ұны                    5            0,5           0,1          3,4             16
            Томат-пюре                  12            0,4           -            1,4              7
            Тұз                          2             -            -             -
            Порциядағы мөлшері:         350          26,6          17,7          48,4            439

              Бұл  кестенің  көмегімен  азық-түліктің  құрамы  мен  калориясын  шамалап  есептеуге  болады.  Оның
           нәтижесінде таңғы, түскі және кешкі аста қандай тағамды қабылдауға болатыны анықталады.
              Мысалы,  125  г  еттің  калориясын  анықтап  көрейік.  Кестеден  100  г  еттің  187  килокалория  беретіні
           мәлім. Сонда 125 г еттің калориясы: 1,87 х 125 = 234 килокалория болып табылады.
              Бір астың калориясын анықтау үшін әрбір азық-түлік өнімінің мөлшері мен калориясын есептеп, жал-
           пы мөлшерін алу қажет.
              Ол үшін әр өнімнің салмағын білу қажет.
              Бір тәулікте тұтынылатын тағам рационының энергиялық құндылығын есептеуге мысал
               Таңғы ас: 378 х 100                             Бесіндік: 230 х 100
               1576 – 100% х = 1576 = 23 %                     1633 – 100 % х = 1576 = 15 %
               378 – х %                                       230 – х %
               Түскі ас: 529 х 100                             Кешкі ас: 439 х 100
               1576 – 100 % х = 1576 = 34 %                    1576 – 100 % х = 1576 = 28 %
               529 – х %                                       439 – х %
              Сатылымдағы азық-түлік өнімдерінің құрамына зерттеу жүргізіп, жасөспірімдерге сапалы тамақтану
           рационын ұсын.
              Жұмысты күнделікті өзің тұтынатын азық-түлік өнімдерінің құнарлылығын анықтаудан баста.
              Органикалық заттармен қоса азық-түліктің құрамында минералды заттардың болуына назар аудар.
              Азық-түлік өнімдерінің сақталу мерзімін арттыру, қажетті рең мен түс беру мақсатында қосылатын
           бояғыштар, қоюландырғыштар сияқты консерванттардың болуын тексеру де маңызды. Себебі бұндай
           заттардың көпшілігі ағзадан бөлініп шығарылмай, ағзадағы гомеостазға кері әсерін тигізеді.
              Зерттеу  нәтижесінен  алынған  деректерді  келтіре  отырып,  өз  замандастарыңа  дұрыс  тамақтану
           нұсқау лығын әзірлеп ұсын.
              Зерттеу нәтижелері туралы шағын мақала жазып, ақпараттық құралдарға жарияла.

           20
   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24   25