Page 65 -
P. 65
Биология біздің өмірімізде
Өсімдіктің тыныс алу коэфициентін анықтау
Өсімдіктің тыныс алу коэффициенті (ТК) дегеніміз – бөлінген көмірқышқыл газы мөлшерінің сіңіріл-
ген оттек мөлшеріне қатынасы. Сонымен қатар газ алмасудың ерекшеліктерін және тірі ағзалардың ме-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
таболизмін сипаттайтын шама. Тыныс алу коэффициентінің көлемі тыныс алу субстратының химиялық
құрамына, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып өзгеріп отырады.
С Н О + 6О → 6СО + 6Н О, яғни ТК = 6СО /6О = 1
6 12 6 2 2 2 2 2
Тыныс алу қарқындылығы сіңірілген O2 немесе бөлінген CO мөлшерімен анықталады. Бір уақытта
2
екі газдың көлемі анықталса, тыныс алу коэффициентінің мәнін, яғни СО көлемінің О көлеміне қатына-
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
2 2
сын есептеуге болады. ТК=СО /О =1
2 2
түтік
Өсімдік тұқымының тыныс алу коэффициентін есептеу:
резина сызғыш
B – сіңірілген оттек мөлшері; тығын
А – екі газдың айырмашылығы;
ТК – тыныс алу коэффициенті. сынауық
TK=(B-A)/B
Тыныс алу коэффициентін анықтауға тұқым
арналған қарапайым құрылғы
Калий немесе натрий гидроксидтері өте белсенді, сондықтан қауіпсіздік шараларын сақта. Міндетті
түрде зертханалық қолғаппен жұмыс жаса!
ЗЕРТТЕУ
Жұмыс барысы:
1. Бөлме температурасында сынауықты жартысына дейін өсімдік тұқымдарымен толтыр.
2. Резеңке тығынға бекіген көлденең орналасқан түтіктің ішіне шетінен 2-2,3 см арақашықтықта 1
тамшы суды шприцпен енгіз.
3. Резеңке тығынмен сынауықты тығыздап жауып қой.
4. Су тамшысының қозғалуын күт және қозғалыс басталған жағдайда бірден секундомерді қос.
5. 5 минут сайын тамшының орын ауыстыруын белгілеп, оның орташа жылдамдығын есепте.
Егер тамшы түтіктің шетіне, яғни оңға қозғалатын болса: А = VCO2 – VO2
Егер тамшы сол жаққа қозғалса: А = VO2 – VCO2
6. Сынауықтың тығынын алып, шыны түтіктен су тамшысын сүзгі қағазына үрлеп шығар.
7. Сүзгі қағаздан сынауық диаметріне сәйкестендіріп сақина жаса, сонан кейін қағазды сілтіге батыр.
8. Сілтілі қағазды сынауықтың ішкі қабырғасына жабыстыр. Тұқымдар мен тығынға тигізбей орналастыр.
9. Көлденең шыны түтікке бір тамшы су енгізіп, қайтадан сынауықты резеңке тығынмен бекіт.
10. Ең соңында белгілі формуламен есептеу жүргіз.
ТК = (B – A ) / B = CO / O
2 2
Нәтижелерді жинақтау
Үрмебұршақ тұқымы
Су тамшысының минут сайын орын ауыстыруы (мм/мин)
Сілтісіз Сілтімен
В - А ТК
1 2 3 Орташа мәні 1 2 3 Орташа мәні
65

