Page 74 -
P. 74

7.1   Тірі ағзалардың тыныс алуының ерекшеліктері



            Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу                                 Жануарлар мен өсімдіктердің
            механизмі                                                             газ алмасу механизмдері ара-
                  textbooks nis edu kz
                                                                                  сында     айырмашылықтар
                Барлық тірі ағзалардың тіршілік әрекетіне энергия қажет.          бар ма? Жануарлардың түр-
            Оны өсімдіктер мен жануарлар тыныс алу үдерісі барысын-               лі топтарының газ алмасуы
            да алады. Осы үдерістің нәтижесінде органикалық заттар                ерекшеленеді ме?
            біртіндеп, бірнеше кезең ішінде ыдырайды. Әр кезеңде өсу,
            көбею және басқа да үдерістерге пайдаланылатын энергия-
            ның аз мөлшері бөлінеді. Түрлі ағзаларда тыныс алу әртүрлі
            жолмен жүзеге асады.
                Суда тіршілік ететін ұсақ өсімдіктер мен жануарлар диф-
            фузия арқылы оттекті сіңіреді де, көмірқышқыл газын бөліп
            шығарады. Жасуша цитоплазмасында оттектің концентрация-               Тірек сөздер
            сы төмендейді, сондықтан ол жасушаға қоршаған судан түседі,
            ондағы оттектің концентрациясы жоғары болады. Зат алмасу              Тыныс алу мүшелері, демтесік,
            үдерісі нәтижесінде пайда болатын көмірқышқыл газы, керісін-          демтүтік, трахеола, желбезектер,
                                                                                  желбезек  доғасы,  желбезек
            ше, қоршаған ортаға концентрациясы төмендеп шығарылады.               жапырақшалары,  желбезек
                Көптеген  өсімдіктерде  газ  алмасудың  негізгі  мүше-            күлтелері, өкпе, ауа жолдары,
            сі – жапырақ, дәлірек айтқанда лептесік сияқты жапырақ                альвеола.
            құрылымдары болып табылады. Дегенмен, газ алмасу өсімдік-
            тердің басқа құрылымдары арқылы, мысалы, сабақтарының
            жасымықшалары, тамыр түкшелері арқылы да жүзеге асыры-               Құрсақ         Трахеола
                                                                                  дем-
            лады. Өсімдіктің әрбір жасушасы қоршаған ауамен диффузия            тесіктері
            арқылы көмірқышқыл газымен және оттекпен алмасады.
                Жануарларды қарастыра отырып, жануарлардың түрлі                                            Демтүтік
            топтарында ағза құрылымының күрделенуімен арнайы ты-
            ныс алу мүшелері: желбезектер (көптеген су омыртқасыз-
                                                                                     Негізгі
            дарында, балықтарда, қосмекенділердің дернәсілдерінде);                   бүйір    Кеуде
            демтүтіктер (бунақденелілерде); өкпе (жерүсті ұлуларында,                трахеола   дем-
                                                                                              тесіктері
            қосмекенділерде, жорғалаушыларда, құстар мен сүтқорек-              Бунақденелілердің тыныс алу жүйесі
            тілерде) пайда болғанын атап өту керек.
                                                                                                Желбезек күлтелері
             1-тапсырма    Суретте бунақденелінің, балықтың және адамның тыныс
            алу мүшелері ұсынылған. Бунақденелінің, балықтың және сүтқорек-
                                                                                                        Желбезек
            тілердің тыныс алу мүшелерінің салыстырмалы кестесін құр. Салыстыру
                                                                                                        доғасы
            параметрлерін таңда және сыныптастарыңмен талқыла.
             Зерттеу    Балықтың (өзен алабұғасы) желбезектері мен сүтқоректі (қой-         Желбезек жапырақшалары

            дың) өкпесінің анатомиялық құрылысын зертте.                                             Желбезек
                                                                                                     қақпақтары
             2-тапсырма       Эволюция барысында жануарлардың тыныс алу мүше-
            лерінің алуан түрі пайда болды. Бұндай алуантүрлілік немен байланысты                     Желбезектер
            екенін ойлан. Осы сұрақты талқылауға қатыс.
                                                                                 Балықтардың тыныс алу жүйесі


              74
   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79