Page 75 -
P. 75
Жануарлардың түрлі топтарының тыныс алу ерекшеліктері
Жануарлардың тыныс алу мүшелерінің құрылысы алуан түрлі. Бунақденелілердің де-
несіне оттек арнайы ауа қуысына ашылатын демтесіктер арқылы өтеді. Қуыс тардан арнайы
түтікшелер – демтүтіктер тарайды. Олар бунақденелі денесінің әрбір буынында оттекті
textbooks nis edu kz
тікелей ұлпаларға жеткізетін трахеолаларға тармақталады. Бунақденелілердің тыныс алу
жүйесі қанайналым жүйесінен бөлек болады және газдардың тасымалдануына қатыспай-
ды. Тыныс алудың демтүтікті жүйесі тиімді, бірақ ондағы газ алмасу диффузия арқылы ғана
жүзеге асып, ағзаның көлемін шектейді.
Балықтардың тыныс алу мүшелері – желбезектер. Олар газ алмасуды жүзеге асырады.
Әр желбезек желбезек доғаларынан тұрады. Олар көптеген капиллярлар шумағымен
торланған желбезек жапырақшалары үшін тірек қызметін атқарады. Вена қаны желбез-
ек жапырақшалары ішіндегі қан тамырлары арқылы өтіп, суға көмірқышқыл газын береді
және оттекпен қанығады. Сонымен ол артерия қанына айналады. Желбезек доғасының
ішкі жағынан сүзу аппараты қызметін атқаратын желбезек күлтелері орналасады. Олар
желбезек бөліміне қоректің түсуін болдырмайды.
3-тапсырма Адамның тыныс алу жүйесінің суретін пайдаланып, оның дамуының прогрессивті ерекшелік-
терін тап. Оның күрделенуі неден байқалады?
Адамның тыныс алу жүйесі кеуде қуысында орна-
Аңқа
ласқан өкпе және сыртқы ортамен байланысты- Мұрын қуысы
Көмей
ратын ауа жолдарынан (мұрын қуысы, аңқа, көмей, Өкпе
кеңірдек, бронхылар) тұрады. Өкпе – тыныс алудың Кеңірдек
Бронхылар
басты мүшесі: мұнда альвеолалар (ауа көпіршіктері)
мен қанайналым капиллярлары арасындағы газ ай-
налымының негізгі үдерісі жүреді. Тыныс алу жүйесі Ауа көпіршіктері
газ алмасу қызметін атқарады, сонымен қатар тер-
Бронхиолалар
мореттелу, ауаның ылғалдануы, су-тұз алмасуы мен
басқа да маңызды үдерістерге қатысады. Адамның тыныс алу жүйесі
4-тапсырма Кестені дәптеріңе сызып алып толтыр. Адамның тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы
мен қызметін сипатта.
Тыныс алу жүйесі мүшелері Құрылысы Қызметі
Өзіңді тексер
1. Тірі ағзалар үшін тыныс алудың маңызы қандай?
2. Неліктен бунақденелілерде қан газдардың тасымалдануына қатыспайтынын түсіндір.
3. Аспазшыларға балық желбезектерінің түсі қандай ақпарат бере алады?
4. Адамның тыныс алу бөлімдері мен мүшелерін атап шық. Олардың қайсысында газ алмасу жүреді, ал
қайсысы тек қана ауа жолдарына жатады?
5. Неліктен ауыз арқылы тыныс алуға қарағанда мұрын арқылы тыныс алу дұрыс болып саналады?
Күрделілігі жоғары тапсырма Сүйекті балықтардың тыныс алу мүшелері желбезек доғаларында орна-
ласқан және сырты желбезек қақпағымен жабылған. Суда тіршілік ететін жануарлардың желбезектері тағы
да қалай орналасуы мүмкін?
75

