Page 79 -
P. 79
Тұқымдардың өнуі үшін оттектің Өнген тұқымдардың Өсімдіктің әртүрлі мүшелерінің
қажеттілігін дәлелдейтін тәжірибе көмірқышқыл газын бөліп көмірқышқыл газын бөліп
шығаруын дәлелдейтін тәжірибе шығаруын дәлелдейтін тәжірибе
Тәжірибенің басталуы Тәжірибенің басталуы Тәжірибенің басталуы
textbooks nis edu kz
Ауа Ауа, су Су Бөрткен Ауа
тұқымдар
Өркендер Тамыржемістер Тұқымдар
Тәжірибенің соңы Тәжірибенің соңы Тәжірибенің соңы
Ауа Ауа, су Су
Бөрткен Ауа
тұқымдар
Өркендер Тамыржемістер Тұқымдар
1-зерттеу Өсімдік жапырақтарының су бөліп шығаратынын/шығармайтынын анықта. Суды анықтау үшін
кобальт хлоридінің (CoCl ) қаныққан ерітіндісі алдын ала сіңірілген сүзгіш қағаз жолағын пайдалан.
2
2-зерттеу Өсіп келе жатқан тұқымның жылу энергиясын бөлу қабілетін анықтау үшін термометрді пайда-
лана отырып зерттеу жүргіз. Неге тұқымдарды тек құрғақ күйінде, желдетіліп тұратын қоймаларда сақтайды?
Өсімдіктердің бөліп шығаруының ерекшеліктері
Өсімдіктердегі бөліп шығару – бұл ағзадан зат алмасу өнімдерін, судың, тұздың, биоло-
гиялық белсенді заттардың артық мөлшерін, өсімдік ағзасының тіршілік әрекетінде пайда
болатын бөгде заттар немесе уытты қосылыстарды бөліп шығару.
Олардан айырылу үдерісі бөліп шығару немесе экскреция деп аталады. Зат алмасу
өнімдері сыртқа бөлініп шығарылады немесе арнайы жасушалардың ішінде ыдырауға
дейін сақталуы мүмкін. Жасушаларда сұйық заттар ғана емес, сонымен қатар қатты заттар,
мысалы, қымыздық қышқылы жинақтала алады. Өсімдік ағзасында бөліп шығару ұдайы
жүреді, бұл ішкі ортаның оңтайлы құрамын сақтауын қамтамасыз етеді.
4-тапсырма Сыныптастарыңмен өсімдіктердің қандай заттарды (метаболизм өнімдері) бөліп шығараты-
нын талқыла. Осы заттардың бөліп шығарылуы қалай жүзеге асады? Бұған өсімдіктің қандай құрылымдары
қатысады? Өсімдіктердің бөліп шығару үдерісі жануарлардың бөліп шығару үдерісінен қалай ерекшеленеді?
Өзіңді тексер
1. Өсімдіктің барлық мүшелерінің тыныс алатынын қалай дәлелдеуге болады? Тыныс алу үдерісі фотосин-
тезден қалай ерекшеленеді?
3. Сен өсімдіктердің арнайы бөліп шығару мүшелерінің болатынын білесің. Қалай ойлайсың, олар өсімдік
тіршілігінде қандай рөл атқарады? Адам осы туралы білімін қай кезде пайдала алады?
Күрделілігі жоғары тапсырма Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, өсімдік ағзасындағы заттардың алмасуы
нәтижесіндегі түзілетін өнімдерді сипатта. Олардың жинақталуы өсімдіктің қай мүшелерінде жүретінін көрсет.
79

