Page 77 -
P. 77
1-тапсырма «Жерде қай ағзалардың саны көп: анаэробтылардың ба, әлде аэробтылардың ба?» деген
тақырыпта талқылауға қатыс.
Жасушалық тыныс алу кезеңдері
Жасушалық тыныс алу – күрделі органикалық заттарды қарапайым бейорганикалық қо-
textbooks nis edu kz
сылыстарға дейін ыдырататын күрделі үдеріс, ал олардың химиялық байланысынан босап
шығатын энергия молекула түрінде АТФ қорына жиналады да, оны кейін жасуша тіршілік
әрекеті үдерісіне пайдаланады.
1-кезең – дайындық кезеңі
Жасушалық тыныс алудың дайындық кезеңі асқорыту жүйесінде жүреді. Мұнда асқорыту
ферменттерінің әсерінен ірі органикалық молекулалар (полимерлер) қарапайым қосылыс-
тарға (мономерлерге): глюкоза, аминқышқылдары, глицерин мен май қышқылдарына
дейін ыдырайды.
2-кезең – оттексіз (гликолиз)
Жасушалық тыныс алудың екінші кезеңі анаэробты гликолиз деп аталады. Ол жасуша
цитоплазмасында оттектің толығымен болмауы жағдайында өтеді. Тізбекті айналымдар
нәтижесінде глюкозаның әрбір молекуласы пирожүзім қышқылының (ПЖҚ) екі моле-
куласына дейін ыдырайды. Сонымен бірге бөлінетін энергияның бір бөлігі жылу түрінде
бөлінеді де, ал қалған бөлігі АТФ-тің 2 молекуласының синтезіне пайдаланылады. Алайда
оттек жетіспесе ПЖҚ сүт қышқылына (С Н О ) айналады, ол бұлшықеттерде жинақталады
3 6 3
да, қажудың бір себебі болып табылады.
С Н О = 2С Н О + 2АТФ Дайындық кезеңі Полисахаридтер
6 12 6 3 6 3
Глюкоза Сүт қышқылы (С Н О )
6 10 5 n
3-кезең – оттекті
Жасушалық тыныс алудың аэробты үшін- Оттексіз кезеңі Глюкоза
ші кезеңі митохондрияларда жүреді. Мұнда (гликолиз) С Н О 6
12
6
ПЖҚ-ның әрбір молекуласы толық ыдырап, 2 АТФ
көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Тыныс ПЖҚ С H O
алудың аэробты кезеңі барысында оттек С Н О 3 3 6 3
4
3
пайдаланылады және АТФ-тің 36 молекула- Оттекті кезең 36 АТФ
сы түзіледі. СО 2 Н О
2
2С Н О + О = СО + Н О + 36АТФ
3 3 2 2 2
Сүт қышқылы
2-тапсырма Химиялық элементтердің атаулары мен таңбаларын пайдаланып, химиялық реакция тең-
деулерін құрастыр. Глюкозаның 1 молекуласының ыдырауы нәтижесінде жалпы қанша АТФ молекуласы
түзілетінін есепте.
Өзіңді тексер
1. Аэробты және анаэробты тыныс алу типтеріне анықтама бер.
2. Жасушалық тыныс алу дегеніміз не? Жасушалық тыныс алу кезеңдерін атап шық.
3. Жасушалық тыныс алу барысында АТФ синтезі үшін энергия қайдан алынады? Тыныс алудың қай
кезеңдері АТФ синтезімен бірге жүреді? Кестені дәптеріңе сызып алып толтыр.
Күрделілігі жоғары тапсырма Фитнеспен бірінші рет айналысқан кезде көптеген адамдар шаршап, бір-
неше күн бойы бұлшықеттері ауырып жүреді. Осы фактіні түсіндір.
77

