Page 80 -
P. 80

7.4   Мен – пульмонологпын



                Ағзада болмаған жағдайда адам бір минут та өмір сүре              Бұл мүшенің жалпы беттік
            алмайтын маңызды мүшелер бар. Мұндай мүшелердің біріне                ауданы  ересектерде  ша-
                  textbooks nis edu kz
            өкпе жатады. Тыныс алу жолдары мен өкпенің диагности-                 мамен  160  шаршы  метрге
            касымен, емдеу және аурулардың алдын алу жолдарымен                   дейін  жететін  элемент-
            пульмонолог дәрігер айналысады.                                       терден  тұрады,  ол  тен-
                                                                                  нис  алаңының  ауданымен
                                                                                  бірдей  болады.  Бұл  қандай
            Тыныс алу мүшелерінің саулығына                                       мүше? Оның бұндай сипат-
            әсер ететін факторлар                                                 тамалары  неге  байланыс-
                                                                                  ты?
                Тұмша, пайдаланылған газдар мен өндірістік кәсіпо-
            рындардың улы қалдықтарының ауаны ластауы өркениет
            жетістіктерін пайдаланудың жанама әсері болып табылады.
            Бұдан басқа темекі шегудің зияны туралы жаппай хабар-
            ларға қарамастан, дүниежүзінде темекі шегушілердің саны
            артып келеді. Аталғандардың барлығы адамның тыныс алу
            жүйесінің саулығына кері әсер етеді.


            Пульмонолог қандай ауруларды емдейді?


                  Өкпе қабынуы (пневмония) – өкпе ұлпаларының қабынуы

                  Туберкулез – Кох таяқшасы тудыратын ауру

                  Бронх қабынуы – бронхылардың шырышты қабықшасының
                  қабынуы

                  Тыныс демікпесі – бронхылардың тарылуынан туындайтын
                  созылмалы ауру
                  Плеврит – өкпеқап жапырақшаларының қабынып
                  зақымдануы

                  Тыныс алу жүйесіне химиялық заттардың түсуінен туындайтын
                  аурулар


                  Өкпе эмфиземасы – өкпе альвеолалары қабырғаларының
                  бұзылуы


            Неліктен пульмонолог кәсібін таңдаған дұрыс?

                Тыныс алу мүшелері ауруларының кеңінен таралуынан
            оларды емдейтін мамандардың жетіспеуі байқалады. Мүмкін
            сен болашақта адамдарға еркін тыныс алуға көмектесетін
            адамдардың бірі боларсың?




              80
   75   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85