Page 85 -
P. 85

Көз торының фоторецепторлы жасушалары

             Көздің тор қабығы жарыққа сезімтал фоторецепторлардан (таяқшалар мен құтышалар)
          тұрады.
             Таяқшалар жарық мөлшері аз (түнгі көрініс) жағдайында қабылдау үшін, ал құтышалар –
                  textbooks nis edu kz
          көз көргіштігі мен түрлі түстерді қабылдау үшін (күндізгі жарық) жауап береді. Таяқшалар мен
          құтышалар тор қабықта біркелкі орналаспайды.
             Сары дақ қарашыққа қарсы орналасқан, тек құтышалардан тұрады, ал таяқшалар жоқ.
          Бұл – ең өткір көру үлескісі.
             Соқыр дақ – көз торындағы орын, ол жерден көру жүйкесі өтеді. Ол фоторецепторлар-
          дан айырылған, сондықтан жарыққа сезімтал емес.
          1-тапсырма    Мысықта, адамдағы сияқты фоторецепторлардың екі түрі бар. Бірақ адамда бір құтышаға төрт
          таяқша, ал мысықта жиырма бес таяқша сәйкес келеді. Бұл оның көру қабілетіне қалай әсер ететінін ойлан.
          Сұрақты талқылауға қатыс.
          2-зерттеу    Көздің тор қабығындағы соқыр дақты анықтау (Мариотта тәжірибесі).
          Көздің оптикалық жүйесі

             Жарық сынуына қатысатын құрылымдыр көздің оптикалық жүйесін құрайды.

          Оптикалық жүйе бөліктері     Қызметтері
          Қасаң қабық                  Жарық сәулелерін жинақтайтын және сындыратын оптикалық линза.
          Сулы ылғал                   Көз камераларын толтыратын мөлдір сұйықтық. Жарық сәулелерін өткізеді.
          Нұрлы қабық                  Көз алмасына жарықтың түсуін реттейтін диафрагма рөлін атқарады.
          Қарашық                      Кеңею және тарылу арқылы жарық мөлшерін реттейді.
          Көз бұршағы                  Екіжақты дөңес линза. Жарық сәулелерін сындырады және шоғырлайды.
          Шыны тәрізді дене            Көз алмасын толтырады, жарық сәулелерін тор қабыққа өткізеді.
          Көру анализаторы

             Көру – күрделі үдеріс. Оған адамның көзі ғана емес,
          оның миы да қатысады. Жарық толқындары қасаң қа-
          бықтан, көз бұршағынан өтіп, нысандардың бейнесін
          торлы қабыққа дәл жинақтайды. Кескін анық, бірақ төң-
          керілген күйде көрінеді. Содан кейін фоторецепторлар
          жүйке импульстерін көру жүйкесі арқылы миға жібе-                                    Көру жүйкесі
          реді, ол қайтадан «аударады», біз барлық нысандарды
          дұрыс көреміз.                                                           Көзбен қабылдау

          2-тапсырма     Көз гигиенасы ережесін білмеушілік және оны сақтамау салдарын сыныптастарыңмен талқыла.
          Көз көргіштігін сақтау ережесін құрастыр.

           Өзіңді тексер
           1.  Қасаң қабықтан тор қабыққа дейін көз құрылымы арқылы жарық сәулесінің өту кезеңдерін талда.
           2.  Көру анализаторы бөліктерін ата. Көру бейнелері қалай және қай жерде қалыптасады?

          Күрделілігі жоғары тапсырма      Көз жасай алатын қозғалыстарды ата және сипатта. Бұл қабілет адамның
          қоршаған әлемді көру арқылы қабылдауына қалай әсер етеді?



                                                                                                         85
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90