Page 87 -
P. 87

Есту анализаторы

             Есту мүшелері әртүрлі жиіліктегі және күштегі дыбыстық толқындарды білдіретін ауа
          тербелістерін қабылдап, есту жүйкелері арқылы миға түсетін жүйке импульстеріне түр-
          лендіреді.
                  textbooks nis edu kz
             Дыбыс           Дабыл жарғағының        Дыбыс сүйектерінің қозғалысы        Иірімнің кіреберіс
           тербелістері           тербелісі              (балғашық, төс, үзеңгі)          бөліміне қысым


                           Үлкен ми сыңарларының      Кірпікшелі жасушалар-    Кірпікшелі жа-     Иірімдегі
           Есту сезімінің
           пайда болуы     қыртысына сигналдарды     дың электр сигналдарын     сушалардың        сұйықтық
                                    беру                     өндіруі              тітіркенуі       тербелісі

          Зерттеу    Құлақтың естігіштігін анықтау. Құлақтың естігіштігін анықтаудың қандай әдістері белгілі? Зерттеу
          кезеңдерін ұсын. Жүргізілген тәжірибенің тазалығын қалай растауға болады?

          Есту мүшесінің гигиенасы

             Құлақ қалқанын тазалап, жиылған құлықтарды алып отыру керек. Аңқаның ауруын
          уақытылы емдемесе, жұқпа есту түтігі арқылы ортаңғы немесе ішкі құлаққа өтіп, оның қа-
          бынуына (отит) әкелуі мүмкін. Қатты қойылған әуенді тыңдауға болмайды. Дабыл жарғағы
          уақыт өте келе өз серпімділігін жоғалтып, дыбыс тербелісін дұрыс бере алмайды.
          2-тапсырма    Есту мүшелері гигиенасының негізгі ережелерін толықтыр. Оларды таныстырылымдар, пла-
          каттар түрінде ұсын.

          Адамның есту диапазоны
             Адамның есту арқылы қабылдау диапазонына дыбыс
                                                                                         БОЛЕВОЙ ПОРОГ
          жоғарылығы (жоғары немесе төменгі дыбыстар) және                  120          Ауырсыну шегі
          дауыс қаттылығы жатады. Дыбыс жоғарылығы герцпен                  100    СЛЫШИМЫЙ ДИАПАЗОН
                                                                                   Естілу диапазоны
          (Гц), дауыс қаттылығы деци белмен (дБ) өлшенеді. Қалып-            80          Әуен
                                                                                         МУЗЫКА
          ты ести алатын адам үшін есту арқылы қабылдау диа-
          пазоны төменгі жиіліктен, шамамен 20 Гц-тен басталады.             60             Сөз
                                                                                            РЕЧЬ
          Ал, жайсыздық туғызбайтын ең жоғарғы жиілік 20,000              Дыбыс қысымы, дБ  40
          Гц деңгейінде болады. Біздің естуіміз 2000-5000 Гц диа-            20
                                                                                 Естілу шегі
          пазонында жақсы қабылдайды. Дауыс қаттылығына ке-                  0   СЛУХОВОЙ ПОРОГ
          летін болсақ, адам 0 дБ деңгейінен бастап ести береді.               20  60  100  200  500  1·10³  2·10³  5·10³ 10·10³ 20·10³
          85 дБ-ден жоғарғы дыбыстардың ұзақ уақыт бойғы әсері           Адамның есту арқылы қабылдау бөлігі
          есту мүшесіне қауіп төндіруі мүмкін.


           Өзіңді тексер
           1.  Есту мүшелерінің құрылысын сипатта. Әр бөлімнің маңыздылығын түсіндір.
           2.  Адамның есту мүшелерімен дыбыс толқынының өту ретін анықта.
           3.  Есту анализаторы қандай бөлімдерден тұрады? Есту анализаторының рецепторлары қайда орналасқан?
               Дыбыс сигналы қай құрылымда жүйке импульстеріне түрленеді?


          Күрделілігі жоғары тапсырма     Неліктен адам құлағы қабылдаған жиілік диапазоны жас келген сайын
          төмендейді? Қосымша көздерден ақпарат іздеп, өзіңді тексер.


                                                                                                         87
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92