Page 88 -
P. 88

8.3   Тері сезімталдығы


            Адамның тері құрылысы                                                 Неліктен жабық

                Тері – денені сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайтын                көзбен заттың пішіні
                  textbooks nis edu kz
            сыртқы жабын. Тері сыртқы қабат – эпидермис, ортаңғы                  мен өлшемін, жұмсақ
                                                                                  немесе ауыр екенін
            – нағыз тері (дерма), ішкі – теріасты шелмай қабатынан                анықтай аламыз?
            (гиподерма) тұрады.




                                                            Түк
                Эпидермис


                    Дерма                                     Рецептор
                                                              Бұлшықет
                                                              Май бездері
                 Гиподерма                                    Шаштың түйіні
                                                              Тер бездері         Тірек сөздер
                     Жүйкелер                                 Қан тамырлары       Тері сезімталдығы, эпидермис,
                                                                                  дерма, гиподерма, механоре-
                                                                                  цепторлар, терморецептор-
                                      Тері құрылысы                               лар, ноцицепторлар, меланин.
             1-зерттеу    Микроскоппен тері құрылысының дайын микропрепаратын
            қара. Терінің әрбір қабатының негізгі бөліктерін зертте, олардың қызметтерін сипатта. Көрген бейнелерді
            берілген суретпен салыстыр.

              Тері қабаты                   Құрылысы                                  Қызметтері
             Эпидермис     Сыртқы қабат эпитерлийдің үздіксіз жаңарып оты- Ауру туғызушы бактериялардан, механи-
                           ратын өлі жасушаларынан тұрады. Олардан шаш  калық және химиялық әсерлерден қорғау.
                           пен тырнақтар пайда болады. Ішкі қабатта меланин  D дәруменін өндіру. Меланин ультракүлгін
                           пигменті бар.                                 сәулелерден қорғап, терінің түсіне әсер
                                                                         етеді.
             Дерма         Дәнекер ұлпасы мен тегіс бұлшықет ұлпасынан  Қан тамырларының тарылу, кеңеюі есебі-
                           пайда болған. Мұнда жылуды, суықты, сипаған- нен жылуды реттеу. Тер түрінде су, тұз, зәр
                           ды, қысымды қабылдайтын капиллярлар, тер  қалдықтарын бөліп шығару. Терінің ты-
                           және май бездері, шаш түйіні және рецептор- ныс алуы. Сипап сезу мүшесі. Май бездері
                           тарлар болады.                                терінің сыртына ашылып, жағылатын шелі
                                                                         майын өндіру.
             Теріасты      Дермаға жабысып тұрады, борпылдақ дәнекер  Соққыларды жұмсарту және ішкі мүшелерді
             шелмай        ұлпасының майлы жасушаларынан пайда болған.  қорғау. Жылуды сақтау. Май қорын энергия
             қабаты        Олар арқылы теріге қан тамырлары мен жүйке  көзі ретінде жинау. Ағзаны сусыздандыру-
             (гиподерма)   ұштары өтеді.                                 дан қорғайтын су қоры қызметі.
            Тері сезімталдығы дегеніміз не?

                Терінің бетінде әртүрлі рецепторлар бар. Рецепторлар біркелкі таралмаған: саусақ
            ұштары, алақан, табан мен ерін терісінде сезімтал нүктелердің орналасу жиілігі жоғары.
                Жанасу мен қысымды (тактильді сезімталдық) механорецепторлар қабылдайды. Олар-
            дың теріде болуы заттарды тануға ғана емес, олардың пішінін, өлшемдерін, осы заттар



              88
   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93