Page 22 -
P. 22
textbooks nis edu kz
5.8 Квадраттық функцияның
көмегімен қолданбалы есептер
шығару
Айналамызда болып жатқан кейбір тәуелділіктер мен үрдістерді
2
квадраттық функцияның көмегімен сипаттауға болады. Мысалы, S = 6 a
квадраттық функция текше бетінің ауданының оның қабырғасының
2
ұзындығына тәуелділігін, ал S r — шеңбердің ауданының оның
радиусына тәуелділігін көрсетеді. Физика курсынан сен білетін боласың,
at 2
S vt S формуласы бойынша теңүдемелі қозғалатын дененің
2 0 0 gt 2
өткен жолын табуға болатынын, ал h h vt формуласы,
0 0 2
мұнда g ≈ 9,8 м/с еркін түсу үдеуі, жоғары қарай лақтырылған дененің
2
биіктіктігі мен қозғалыс уақыты арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Кейбір ғарыштық денелердің, кометалар мен астериодтардың қозға-
лыстар траекториялары парабола пішінді болады. Егер ауа кедергісін
елемесек, көкжиекпен бұрыш құрайтын бағытпен лақтырылған дене
парабола бойымен қозғалады. Мысалы, артиллерия снарядын ату
бұрышын өзгерту арқылы, снарядты әртүрлі алыстыққа ұшыруға болады.
Снарядты 45 бұрышпен атса, ол ең алысқа ұшатыны белгілі. Сондай-ақ
сәулет саласында, ғимараттар мен көпірлерлердің кейбір элементтері
парабола пішінді болады.
Есіл өзеніндегі «Қараөткел» автожол көпірі Нұр-Сұлтандағы «Москва» бизнес-орталығы
Егер тәуелділіктерді аналитикалық немесе графикалық түрде квад-
раттық функция арқылы берсе, онда квадраттық функцияның қасиеттерін
пайдалана отырып, әртүрлі сұрақтарға жауап табуға болады.
22

