Page 23 -
P. 23

2nis edu kz
         5.55   Биіктіктігі 35 м мұнарадан 30 м/с алғашқы жалдамдықпен тік жоғары
               қарай жебе атылған. g ≈ 10 м/с  деп есептеп, тапсырманы орында:
                                               2

         1.   Жебенің әр мезеттегі биіктігінің (м өлшем бірлігімен) уақыттан (с өл-
            шем бірлігімен) тәуелділігінің формуласын жаз.
         2.   Алынған тәуелділіктің графигін сал.
         3.   Графикті қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауап бер:


               а)  Жебе қандай максималды биіктікке көтерілді?
               ә)   Қозғалыс басталғаннан кейін қанша секундта жебе максималды
                  биіктікке көтерілді?
               б)   Қозғалыс басталғаннан кейін қанша уақытта жебе жерге құлады?
               в)   Қозғалыс басталғаннан 2 с кейін жебе қандай биіктікте болды?
               г)   Осы есепке қосымша сұрақ құрастыр және жауабын тап.


           Шешуі
                                                                                         h
              1.   Жоғарыға  тігінен  лақтырылған  дененің  биіктігі  мен  қозғалыс
       textbooks
                                                                    gt 2              80
                 уақыты арасындағы тәуелділік мынадай  h    h   vt    2   формула
                                                             0
                                                                0
                бойынша беріледі.  h = 35 м, g ≈ 10 м/с , v = 30 м/с,
                                   0
                                                        0
                                          t

                                           2
              болғандықтан,  h   35 30 t  5 .
                                                                                      35
           2.    Алынған квадраттық функцияның графигі суретте көрсетілген. Неге
              суретте параболаның тек бірінші ширектегі бөлігі кескінделген? Су-
              реттегі қисық сызық — бұл жебенің қозғалыс траекториясы емес             0                7 t
              екенін ескертейік. Жебе түзу сызық бойымен атылған. Параболаның
              бөлігі жебе биіктігінің жер бетінен атылғаннан кейін өткен уақыттан тәуелділігін көрсетеді.
           3.    а) Жебе 80 м биіктікке көтеріледі.
              ә) Қозғалыс басталғаннан кейін 3 с-та жебе максималды биіктікке көтеріледі.
              б) 7 с-тан соң жебе жерге құлап түседі.
              в) Қозғалыс басталғаннан кейін 2 с-та жебе 75 м биіктікте болады.



         5.56   Дене жоғары қарай тік лақтырылған. Суретте дене биіктігінің            h
               уақыттан тәуелділігінің графигі көрсетілген. Графикті қолдана
               отырып, сұрақтарға жауап бер:

               а)   Дене қандай биіктіктен лақтырылған?
               ә)   Дене қандай максималды биіктікке көтерілді?
               б)    Қозғалыс басталғаннан кейін қанша секундта дене максималды
                   биіктікте болды?
               в)    Қозғалыс басталғаннан кейін қанша уақыттан соң дене жерге
                   құлады?                                                             10
               г)    Қозғалыс басталғаннан кейін қанша секундта дене 80 м биіктікте     0  1                t
                   болды?

                                                                                                           23
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28