Page 73 -
P. 73

textbooks nis edu kz
         6.92   Е  нүктесі  АВС  тікбұрышты  үшбұрышының  ВС  катетін-
               де жатыр және оны ВЕ=5 және ЕС =7 кесінділерге бөледі.                                C
               АС катетінің ұзындығы 8. АВЕ үшбұрышының ауданын тап.                           7
                                                                                           E            8
         6.93   MNKL шаршысының MN және NK қабырғаларында сәйкесін-                   5
               ше Х және Y нүктелері белгіленді. МХ = 7, КY = 3 болып             B                       A
               шықты. Шаршының қабырғасы 11 болса, XYL үшбұрышының
               ауданын тап.

         6.94   Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын тап, егер тік бұрыштың төбесі-
               нен түсірілген биіктік:

            а)  гипотенузаны ұзындықтары 1 және 4 см кесінділерге бөледі;              Есте сақта!
            ә)   3 см-ге тең, ал гипотенузадағы кесінділердің бірі 4 см-ге тең.                       a 2  3
                                                                                          а       S =
         6.95    Тұжырымды дәлелде:                                                                     4


                                                                             a 2  3
             Қабырғасы а болатын теңқабырғалы үшбұрыштың ауданы S =
           формуласы арқылы есептеледі.                                        4


         6.96    Не артық: қабырғасы 100 см болатын бір дұрыс үшбұрыштың ауда-
               ны немесе қабырғалары 1 см болатын жүз дұрыс үшбұрыштардың
               аудандары?
         6.97   Саябақтың пішіні — дұрыс алтыбұрыш, оның ортасында фонтан
               орналасқан. Алтыбұрыштың төбелерінен фонтанға түзусызықты
               жолдар жасалған. Егер саябақтың ауданы 40 ар болса, жолдардың
               ұзындықтарының қосындысын тап. Жауапты бүтін метр дәлдігімен
               жаз.

         6.98   Қабырғалары 9 және 11 болатын екі тең тіктөртбұрыштардың ор-                      11
               тақ төбесі бар және олар бір-бірінің бір бөлігін жабады. Тіктөрт-          6               9
               бұрыштардың қабырғаларының қиылысу нүктесі төменгі (сары)
               тіктөртбұрыштың төбесінен 6 қашықтықта орналасқан.

             1. Тіктөртбұрыштардың ортақ бөлігінін ауданын тап.
             2. Осы тіктөртбұрыштармен қандай аудан жабылған?

         6.99   Теңбүйірлі МРК үшбұрышының төбесіндегі Р бұрышы 30°-қа тең, ал                    P
               бүйір қабырғасы 2 см-ге тең. МА және РВ биіктіктері О нүктесінде
               қиылысады. Келесі тұжырымдардың қайсысы ақиқат болады?

               1. МА биіктігі 1,5 см-ге тең.                                                  2
               2. ВКР үшбұрышының ауданы 0,5 см -қа тең.                                               A
                                                     2
               3. МВ және АВ кесінділері тең.                                               M   O      K
               4. Үшбұрыштың табаны  22 −       2  см-ге тең.                                     B

                                                                                                           73
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78