Page 77 -
P. 77

textbooks nis edu kz
           Суретте  геометриялық  фигуралар  бейнеленген  —  пирамидалар.
         Пирамиданың  табанында  көпбұрыш  жатыр,  ал  бүйір  жақтары  ортақ
         төбесі  бар  үшбұрыштар  болып  табылады.  Пирамиданың  табанындағы
         көпбұрыштың түріне оның атауы байланысты, мысалы, А пирамидасы —
         үшбұрышты, В — төртбұрышты, ал С — бесбұрышты.












                            A                  B               C
            Егер пирамиданың табаны дұрыс көпбұрыш және оның бүйір жақтары
         теңбүйірлі үшбұрыштар болса, онда пирамида дұрыс деп аталады.


         6.115   Келесі фигура үшін оның қанша қыры мен бүйір жақтары бар екенін
                 анықта:

             а)  үшбұрышты пирамида;
             ә)  алтыбұрышты пирамида;
             б)  n-бұрышты пирамида.

         6.116   Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және Келісім сарайы дұрыс
                 төртбұрышты пирамида пішінді. 8-сынып оқушылары
                 қатты қағаздан осы ғимараттың макетін істейміз деп
                 шешті.


             а)  Макеттің барлық жазбалары дұрыс жасалынды ма?












                A             B                C             D

             ә)   Егер табанының қыры 30 см, ал бүйір қыры 36 см болса, макетті
                 жасау үшін қанша қатты қағаз керек болады?












                                                                                                           77
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82