Page 37 -
P. 37
3. Физикалық география
3.2 Атмосфера
Адамзат тіршілігі мен денсаулығы үшін
климаттың маңызы қандай? Сен бұл тарауда:
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
■ адамзаттың тіршілігі мен шаруашылығына
климаттың әсерін бағалауды;
Пәнаралық байланыстар: ■ атмосфераның қолайсыз және қауіпті
құбылыстарының қалыптасуын талдауды;
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
экология, физика.
■ атмосфераның қолайсыз және қауіпті
құбылыстарының қалыптасуын, таралу
Климат – адамзат баласының дамуына, қоныста- аумақтарын болжауды;
нуына және шаруашылық түрлерін дамытуға әсер ■ адамзаттың атмосфераға тигізетін әсеріне
етуші фактор. Климаттық белдеулердің ерекшелігіне баға беруді;
байланысты табиғат зоналары, топырақ жамылғы-
■ атмосфералық қауіпті құбылыстардан
сы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің таралуы, сақтану шараларын ұсынуды үйренесің.
тіпті адамзаттың сыртқы келбеті қалыптасады. Ал
климаттық жағдайлар ауыл шаруашылығы, туризм
индустриясы және т. б. салаларды дамытуда белсенді
рөл атқарады. Климаттық ерекшеліктерге байланыс- ЕСІҢЕ ТҮСІР!
ты суық және жылы белдеулердегі адамдардың
өмір сүру салты, тіршілігі және шаруашылық түрлері Сен 7-8-сыныптарда «Ауа райы және климат» тара-
әртүрлі болады. уында ауа райының элементтері мен климат қалып-
Құрлықтар мен аймақтардың географиялық ор- тастырушы факторлар, климаттық белдеулер, климат
нының ерекшелігіне және әсер етуші ауа массала- пен ауа райының адамзат тіршілігі мен денсаулығы-
рына байланысты қолайсыз атмосфералық құбылыс- на әсері және адамзаттың атмосфераға тигізетін
тар кездеседі. Қолайсыз атмосфералық құбылыстар әсері туралы мәліметтермен таныстың. Сонымен
қауіптілігі мен жыл мезгілдеріне байланысты ұзақ қатар картадан климаттық белдеулердің таралуын
немесе қысқа уақытты қамтиды. Мысалы, құйынды анықтап, әр климаттық белдеуге тән ылғалдылық,
дауылдар қысқа уақыт ішінде айтарлықтай шығын жауын-шашын мөлшері, қысым, температура көр-
әкелуі мүмкін. Сондықтан қауіпті атмосфералық сеткіштерін сипаттадың. Адамзаттың атмосфераға
құбылыстардың шығындарын азайту үшін, қалыпта- тигізетін кері әсерінен туындаған «жылыжай эф-
суын және таралу аймақтарын болжап отыру қажет. фектісі», «тұмша», «озон тесігі», «қышқыл жаңбыр»
Метеорологиялық станциялар мен ғылыми-зерттеу сияқты мәселелердің пайда болуын анықтап, оларды
орталықтары арнайы қауіпті құбылыстарды болжап, шешу жолдарын ұсындың.
халыққа алдын ала ескертіп отырады. Алайда атмос- ▼ Климаттық жағдайлардың ерекшелігі
фералық қолайсыз құбылыстар кезінде кез келген
адам сақтану шараларын біліп, төтенше жағдайлар
кезінде дұрыс шешім қабылдай алуы қажет.
Соңғы ғасырда ғаламшардағы халық санының
артуы, индустрияның дамуына байланысты атмос-
фераға кері әсер етуде. Әсіресе халық саны көп ме-
гаполистерде «микроклимат» қалыптасуда.
37

