Page 42 -
P. 42

СЕН БҰЛ САБАҚТА:             3.2.2   Атмосфераның  қолайсыз
           атмосфераның                            және қауіпті құбылыстары
           қолайсыз және қауіпті
           құбылыстарының
           қалыптасуын талдайсың           Атмосферада қысым, температура мен ылғалдылықтың ұзақ
           және сақтану шараларын      және қысқа мерзімді өзгеру әсерінен қолайсыз құбылыстар
           ұсынасың.
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                       пайда болады. Атмосферадағы қолайсыз және қауіпті құбылыс-
                                       тарды шаруашылыққа, адамзат тіршілігі мен денсаулығына
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       тигізген шығындары мен зардаптарына қарай бағалайды. Қу-
           ■   қолайсыз құбылыстар     аңшылық, аптап ыстық, су басу, аңызақ желдер бірнеше күнге
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           ■   қорғану шаралары        созылады, ал бұршақ, нөсер жаңбыр, үсік шалу, дауыл және
           ■   шығындар                сел тасқыны бірнеше сағатта айтарлықтай шығын әкелуі мүм-
           ■   зардаптар               кін. Атмосфералық қауіпті құбылыстар құрлық ішінде, теңіз
                                       жағалауында және жергілікті жердің бедеріне байланысты
                                       әртүрлі сипатқа ие.
            Қандай
            атмосфералық                  Метеорологиялық қауіпті құбылыстар
            құбылыстар қауіпті
            және қолайсыз
            болады?                     Шаңды құйындар         Нөсер жаңбырлар            Қалың қар
                                        (жылдамдығы 25 м/с
                                                              (50 мм 12 сағат ішінде)  (20 мм 12 сағат ішінде)
                                        және одан жоғары )


                                                                                          Қатты аязды
             Метеорология  (грек.
                                                                                            күндер
             meteora  –  атмосфера
                                         Қатты дауылдар                                 (t-30  және одан
                                                                                             0
             мен  аспан  құбылыста-      (жел жылдамдығы       Метеорологиялық
             ры  және  logos  –  ілім,   25 м/с  және одан     қауіпті құбылыстар            төмен)
             ғылым)  –  атмосфера-           жоғары)                                     Аптап ыстық
             дағы физикалық, хими-                                                      (t+30  және одан
                                                                                             0
             ялық үдерістерді және                                                          жоғары)
             құбылыстарды зерттей-
             тін ғылым. Синоптика-          Ірі бұршақ
             лық ауа райын болжай        (20 мм-ден үлкен)       Үсік       Найзағай         Көктайғақ
             отырып,  ауа  райы  құ-
             былыстары  мен  өзге-
             руін алдын ала ескертіп
             отырады.
                                       ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
             Торнадо       (испан.     1.  Сызбаны пайдаланып, метеорологиялық қауіпті құбылыстардың әкелетін
             tornado – құйын) – най-      шығынына қарай қауіптілігін төменнен жоғарыға қарай (0–5 санымен)
             зағайлы  бұлт  астында,      бағала.
             құрлық үстінде қалып-     2.  АКТ-ны пайдаланып, кестеде берілген қауіпті құбылыстардың қалыптасу
             тасатын өте күшті ұйтқи      үдерісін анықта және түсіндір.
             тез жылжитын ауа қаба-    3.  Ұзаққа созылатын құбылыстардың немесе аз уақытта қалыптасатын
             ты. Диаметрі 75–250 м,       атмосфералық қолайсыз  құбылыстардың шығындарын салыстыр.
             ал жел жылдамдығы 20–
             50 м/с болатындай, жер
             беті  мен  бұлттар  тобы
             арасын қосатын құйын.

           42
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47