Page 168 -
P. 168

Не үшін дұрыс               11.3  Теңдестірілген тамақтану.
            тамақтану керек?
            «Толыққанды                          Тамақтану рационы
            тамақтану –
            денсаулық кепілі»
            дегенді қалай              1-ТАПСЫРМА
            түсінесің?                     1.  Бүгін түскі аста қандай тағам түрлерімен тамақтандың?
                      ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                           2.  Тамақтану кезінде бірінші кезекте неге көңіл бөлесің?
                                           3.  Адам күніне неше рет тамақтануы керек?
                                           4.  Адамға тамақ не үшін қажет?
                                           5.  Неге барлық адам бірдей мөлшерде, бірдей тағам түрлерін пайда-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                              ланбайды?
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                           Ағза мүшелері, ұлпалары мен жасушалары қалыпты қызмет
           ■  теңдестірілген           атқаруы үшін дұрыс әрі тиімді тамақтану керек. Теңдестірілген
             тамақтану                 тамақтану барлық қоректік заттардың: нәруыз дар, майлар,

           ■  калория                  көмірсулар, макроэлементтер, микроэлементтер, минералдар
           ■  рацион                   және дәрумендердің ағзаға дұрыс қатынаста түсуін қамтама-
                                       сыз етеді. Дұрыс тамақтану рационын сақтамаса адам ағзасы
           ■  дұрыс тамақтану
                                       тез шаршайды, түрлі жұқпалы ауруларға шалдығады. Құнарлы
           2-ТАПСЫРМА                  тағамнан алған энергияны адам денесі қимыл-қозғалысқа,
           1-суретте көрсетілген пай-  жүруге, ақыл-ой еңбегімен айналысуға, тыныс алуға, қанайна-
           далы тағамдарды ата. Ол     лымға, асқорытуға және ағзаның басқа да маңызды қызмет-
           тағамдардың құрамын си-     теріне қолданады. Керісінше, артық тамақтану, тез әзірленетін
           патта.
                                       тағамдарды, газды сусындарды жиі пайдалану семіздікке және
                                       түрлі асқазан-ішек жолдарының ауруларына себеп болады.
                                           Теңдестірілген тамақтануда майлар, нәруыздар және көмір-
                                       сулар 1:1:4 арақатынаста болуы қажет. Қолданылатын күнделікті
                                       калория мөлшері 1200–2000 кал шамасында болуы тиіс. Бірақ бұл
                                       көрсеткіш әрбір адамның жас ерекшелігіне, жынысына, белсен-
                                       ділігіне, жеке энергетикалық қажеттілігіне тәуелді.
                                                        Бір тәулікте адам ағзасына қажетті калория мөлшері

                                                                                      Жұмсалатын
                                        Адам                        Жас шамасы
                                                                                      калория шамасы
                                        Бала                        2–8               1000–1400
                                        Қыз бала                    9–13              1400–1600
                                        Ұл бала                     9–13              1600–2000
                                        Белсенді әйел               14–30             2400
                                        Көп қозғалмайтын әйел       14–30             1800–2000
                                        Белсенді ер адам            14–30             2800–3200
                                        Көп қозғалмайтын ер адам    14–30             2000–2600
                                        Белсенді әйел және ер адам  30 жастан жоғары 2000–3000
                                        Көп қозғалмайтын әйел       30 жастан жоғары 1600–2400
                                        және ер адам
           ▲  1-сурет. Тағам түрлері

           168
   163   164   165   166   167   168   169   170   171   172   173