Page 141 -
P. 141

Есептеуді жеңілдету үшін отын түгел жанып, газ бірден шықты
                                                                                            Қабық
           деп алайық (шындығында, газ бірте-бірте шығады).                               Пайдалы
               Газдың массасын m, зымыран қабығының отынды есепте-                         жүктеме
           мегендегі массасын M деп белгілейік. Сыртқы күштердің әсері,                     Сұйық
           соның ішінде Жердің тарту күшін, газ бен зымыранның өзара                    тотықтырғыш
                                                                                            Қатты
           әрекеттесу күшімен салыстырғанда аз деп алып, зымыран мен
                                                                                        тотықтырғыш
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           газды тұйық жүйе ретінде қарастырайық. Ұшырылғанға дейін
                                                                                         Сұйық отын
           жүйенің импульсі нөлге тең болғандықтан, ұшырылғаннан ке-                        Қатты
           йінгі жүйенің жалпы импульсі де нөлге тең. Импульстің сақталу                    отын
                                                          
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                                     mu                                  Жану
           заңы бойынша mu M+ υ  0. Бұдан υ =−              , мұндағы u — газ
                                      = �
                                                        M                                 камерасы
           жылдамдығы, υ – зымыран қабығының жылдамдығы.                                    Жану
               Зымыран газдың бағытына қарама-қарсы бағытталған жыл-                       өнімдері
           дамдық алады. Зымыранның жылдамдығы газдың жылдамдығы                         Сорғыштар
           мен зымыранның массасына тәуелді.
                                                                                        7.34-сурет. Реактивті
               Біз бір сатылы зымыранның құрылысын қарастырдық. Енді                  қозғалтқыштар
           көпсатылы зымыранды қарастырайық. Әр сатыда отын багы,
           тотықтырғыш пен қозғалтқыш болады.
               Отын жанып, оның мөлшері бірте-бірте азайғанда, босап
           қалған бак қажетсіз жүкке айналады.
               Зымыран тік көтерілгенде оған екпін беретін ең ауыр бөлікті
           бірінші саты деп атайды (7.35-сурет). Бірінші сатыдағы отынның
                                                                                                     3-саты
           барлық қоры түгел жанғанда, бұл саты зымыраннан ажырап
           кетеді де, зымыранның жалпы массасы азаяды. Ары қарай екпін
           беруді екінші саты жалғастырады. Зымыранның жылдамдығы-                                   2-саты
           на жылдамдық қосатын отын қоры түгел жанғанда бұл саты
           да бөлініп қалады. Үшінші саты жылдамдықты қажетті мәнге
           дейін арттырып, орбитаға пайдалы жүкті жеткізеді. Көп сатылы
                                                                                                     1-саты
           зымырандардың жылдамдықтары бір сатылы зымырандардың
           жылдамдықтарымен салыстырғанда үлкен.
               Зымыранның ең үлкен жылдамдыққа ие болуы, ең алдымен,
           шүмектен шығатын газдың жылдамдығына тәуелді. Ал газдың
           жылдамдығы отынның түріне, оның жану кезіндегі темпера-                      7.35-сурет. Үш сатылы
           турасына тәуелді. Температурасы неғұрлым жоғары болса,                     зымыранның сызбасы
           газдың ұшып шығу жылдамдығы үлкен болады.
               Зымырандық қозғалтқыштар жылулық (химиялық, ядро-
           лық), электрлік, ядролық-импульстік, фотондық деп бірнеше
           түрге бөлінеді. Солардың ішінде ең көп қолданылып жүргені
           химиялық реактивтік қозғалтқыштар. Адамзат тарихындағы ең
           алғашқы Жердің жасанды серігін ғарышқа шығару да сұ йық
           отынды химиялық реактивті қозғалтқышы бар зымыранды
           ұшыру арқылы жүзеге асырылды. Химиялық реактивті қозғалт-
           қыштар массасының аз болуы, басқару мүмкіндіктері (тарту


                                                                                                        141
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146