Page 146 -
P. 146
Суретке назар 8.1 Тербелмелі қозғалыс
аудар. Суретте
қандай қозғалыстар
берілген? Осы Табиғатта тербелмелі қозғалыстар көп. Мысалы, желдің
қозғалыстардың әсерінен ағаштың тербелуі, адам кеуде қуысының дем алған-
барлығына не ортақ
болуы мүмкін? дағы қозғалысы, кристалдық тордағы атомдардың тербелісі,
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
әткеншектің тербелісі, мұхиттағы су деңгейінің көтерілуі және
төмен түсуі, тәулік мерзіміндегі температураның өзгеруі. Осы
жағдайларға не ортақ болуы мүмкін?
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Тербелістер – уақыт өте қандай да бір шаманың немесе
күйдің қайталана өзгеруі. Егер тербелістер тең уақыт ара-
лығында дәлме-дәл қайталанатын болса, онда периодты деп
қарастыруға болады. Табиғатта және техникада тербелістер
көптеп кездеседі.
Жоғарыда мысал ретінде қарастырылған денелердің тер-
белісін жеке-жеке қарастырайық. Осы денелерді тепе-теңдік
ТІРЕК СӨЗДЕР:
қалыптан шығаратын болсақ, тербелмелі дене қозғалысқа
■ тербеліс жиілігі келеді. Бұл денелердің қозғалысында да айырмашылық бар
екендігін аңғаруға болады. Мысалы, әткеншектің қозғалысы-
■ тербеліс периоды
на (8.1, а-сурет) назар аударалық, әткеншек қисық сызықты
■ жүйенің тепе-теңдік қозғалыс жасайды. Серіппеге ілінген дене (8.1, ә-сурет) түзусы-
нүктесі
зықты қозғалады, ал екі шеті бекітілген қобыз шегінің тербелісі
(8.1, б-сурет) аталған тербелістерден өзгеше. Ал бұл тербеліс-
тердің ең басты ерекшелігі – қандай да бір уақыт аралығында
қозғалыстар қайталанып отырады.
Жүйе күйінің уақыт өте қайталанып отыруын тербеліс десек,
денелер жүйесінің не дененің тең уақыт аралығында өзінің
тепе-теңдік қалпынан ауытқи отырып, қарама-қарсы бағытта
8.1, а-сурет.
қайталана қозғалуын механикалық тербеліс дейміз.
Денелердің тербелісі тең уақыт аралығында қайталана-
ды делік, онда осы қозғалыстың қайталануына қажетті ең аз
уақыт аралығы тербеліс периоды деп алуға болады. Суретте
(8.1 а, ә, б) берілген денелер қозғалысының тағы бір ерек-
шелігі – денелердің тепе-теңдік қалыптан ауытқи тербелуі.
8.1, ә-сурет. Алдағы уақытта дәл осындай тербелістерді қарастырамыз. Ал
осы тербелістерді жасайтын жүйелерді тербелмелі жүйелер
деп аламыз. Тербелмелі жүйе – түрлі құбылыстарда қарасты-
рылатын ұғым.
Енді осы тербелістерді сипаттайтын шамаларды анықтайық.
Толық бір тербелу деп дененің қандай да бір күйден қозғалысқа
келіп, дәл сол күйге келген уақытты айтамыз.
8.1, б-сурет. T = t
N (8.1)
146

