Page 16 -
P. 16
Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Саябақта серуендеп жүрген Әлия батысқа қарай 400 м жүрді, одан кейін 150 м солтүстік бағытқа
қарай жүріп, судың жағасына келді. Су бойын жағалап, шығысқа қарай тағы 200 м жүрді. Әлияның орын
ауыс тыруын анықта.
2. Жазғы демалыс лагеріндегі оқушылар тапсырманы орындау барысында картамен жолды бағдар-
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
лай отырып, 300 м солтүстік бағытта қарай жүрді, бірінші кілтті тауып алғаннан кейін 200 м шығысқа
қарай қозғалды. Бұл пунктте оқушылар велосипедке мініп, оңтүстік бағытта 300 м жүрді. Осы жерге
велосипедтерін тастап, жаяу 400 м батысқа қарай жүрді. Соңғы пунктінен жаңа тапсырма алған олар
450 м солтүстікке жүре отырып, келген жерде 10 мин демалды, одан кейін 200 м шығысқа жүреді. Олар
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
лагерьден қаншалықты алысқа кеткенін анықтап, жүрген жолының траекториясын сыз.
3. Өзенді кесіп өтпек болған балықшы катерінің суға қатысты жылдамдығы 4 км/сағ. Ал өзеннің ағыс
жылдамдығы 2 км/сағ. Онда катер қозғалысының жағаға қатысты жылдамдық бағытын және модулін
анықта.
4. Нұр-Сұлтан қаласынан бір мезгілде ұшып шыққан екі ұшақ бір-бірінен қарама-қарсы бағытта:
біріншісі 500 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші ұшақ 580 км/сағ жылдамдықпен алыстап барады. Жарты
сағат өткеннен кейінгі екеуінің бір-біріне қатысты орын ауыстыру векторының модулдері қандай?
5. Биіктігі 6 м үйдің үстінде тұрған бала қолындағы допты жерге түсіріп алады. Доп жерге соғылып,
кері серпіле 1,5 м-ге дейін көтеріледі. Доптың орын ауыстыруын және жүрген жолын анықта.
6. Дененің бастапқы координаталары x =3 м және y =4 м берілген. Егер орын ауыстыру векторының
→
0
0
модулі |s |=4 м және орын ауыстыру векторының Ох осі бойынша проекциясы s = –2 м болатын болса,
x
дененің соңғы координаталары қандай?
7. Дене суретте (1.22-сурет) көрсетілген координаталар бойынша орын ауыстырады. Орын ауыстыру
векторының Оху жазықтығындағы проекциясы мен орын ауыстыру модулін анықта.
y/м
4
3
2
1
1 2 3 4
x/м
-3 -2 -1 -1
-2
-3
1.22-сурет.
Қорытынды
Барлық физикалық шамалар скаляр және векторлық шамалар болып бөлінеді:
• векторлық шамалардың сандық мәнімен қатар бағыты болады;
• скаляр шамаларға уақыт, масса, жол, т.с.с. жатады;
• векторлық шамаларды үшбұрыш, көпбұрыш және параллелограмм әдісімен қосуға болады;
• векторлар Оху жазықтығында проекцияланады;
• вектордың проекциялары скалярлық шамалар болып табылады;
• вектордың бағыты осьтің бағытымен бағыттас болатын болса, проекциясы «оң» болады, ал оське
қарама-қарсы болса, проекциясы «теріс» болады.
16
16

