Page 177 -
P. 177
қысқа биік толқындар
ұзын аласа толқындар
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
9.6-сурет. Цунами толқындары
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Қандай толқынды механикалық толқын деп атайды? Механикалық толқынды электромагниттік
толқынмен не байланыстырады?
2. Механикалық толқындар қалай пайда болады?
3. Механикалық толқындар неліктен вакуумда таралмайды?
4. Газ, сұйық және қатты денелерде толқынның таралуын салыстыр.
5. Егер қайықпен жағадан алыстап кеткен болсаң, ескекпен еспей-ақ, су толқыны арқылы жағаға
жетуің мүмкін бе? Жауабыңды дәлелде.
6. Механикалық толқын таралғанда энергияның тасымалдануына мысалдар келтір.
7. Дыбыс жылдамдығынан (340 м/с-тан) артық жылдамдықпен ауада атылған оқтың қозғалысы
кезінде туындаған толқындық бет қандай болады?
8. Өрмекші торына кішкентай жәндіктер түссе елемей, ал үлкен жәндіктер түссе, жасырынып жатқан
жерінен шығып, үлкен жәндікті жылдам босатып жібереді екен. Өрмекші торына түскен жәндіктің
өлшемін қалай біледі?
9. Жыланның сыртқы құлақ тесігі болмағандықтан, ол мүлдем естімейді. Жылан дыбысты қалай
қабылдайды?
10. Толқынды бойлай тақтайымен су бетінде қозғалатын серферге төмен бағытталған ауырлық күші
және су тарапынан оны жоғары итеретін гидродинамикалық күштер әсер етеді. Тепе-теңдікті
сақтау үшін серфер физиканың қандай заңдарын білуі керек деп ойлайсың?
177

