Page 172 -
P. 172

Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



              1.  Қарапайым математикалық маятниктің тербеліс жиілігі 0,4 Гц.
                 а)  егер ұзындығын төрт есе кемітетін болса;
                 ә)  егер ұзындығын өзгертпей, оған ілінген шариктің массасын төрт есе кемітетін болса, жүйенің жиілігі
                    қалай өзгереді?
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
              2.  Массасы 0,2 кг жүк вертикаль орналасқан серіппеге іліне, 4 Гц жиілікпен гармоникалық тербеліс
                 жасап тұр. Жүйенің толық энергиясы 2 Дж болатын болса, тербеліс амплитудасын және серіппенің
                 қатаңдығын анықта;
                                                                  x/мм
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              3.  Ағаштың бетін тегістейтін сүргінің басы қарапайым   1,5
                 гармоникалық тербеліс жасайды және оның тер-
                                      –1
                 беліс жиілігі 24000 мин . Тепе-теңдіктен максимал   0
                 ауытқуы – 1,5 мм.                                           12,5     25      37,5     50  t/мс
                 а)  циклдік жиілігін анықта;
                 ә)  максимал жылдамдығын анықта;                 -1,5
                 б)  8.43-суретте осы құралдың тепе-теңдіктен ығы-
                    суының уақытқа тәуелділік графигі берілген.
                                                                       8.43-сурет.
                 Графикті  пайдалана  отырып,  жылдамдықтың
                 уақытқа тәуелділік графигін сал.
              4.  Горизонталь серіппеге ілінген денені тербелмелі жүйе деп алатын болсақ, жүйенің максимал энер-
                                                       Н
                 гиясы 2 Дж. Серіппенің қатаңдығы 300     болып, дененің массасы 0,1 кг болатын болса:
                                                       м
                 а)  тепе-теңдіктен ауытқу амплитудасын;
                 ә)  тепе-теңдік қалыптан 5 см ығысқандағы жылдамдығын анықта.
              5.  Ойыншық пистолет серіппесінің тербелісі мына теңдеумен берілген: x=0,04cos2πt (х шамасы метрмен,
                 уақыт секундпен берілген).
                 а)  жиілігін;
                 ә)  тербеліс периодын;
                 б)  тербеліс амплитудасын;
                 в)  уақыт 5 с және 25 с болғандағы ығысудың мәнін анықта.
              6.  Тербеліс периоды 0,6 с болатын математикалық маятниктің ұзындығы қандай?



               Қорытынды
               •  Жалпы периодты түрде қайталанатын жағдайларды қарастыратын болсақ, күнделікті өмірден көп-
               теген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, автобус паркінен шыққан автобустар белгілі бір уақыттан
               кейін тұраққа қайта келеді, Айдың толуына байланысты су деңгейінің көтерілуі және төмен түсуі, Жер
               Күнді айнала отырып, қайта оралады, аспалы шамдардың қозғалысы, т.с.с.
               •  Тербеліс дегеніміз – қозғалыстың немесе процестің белгілі бір уақыттан кейін дәл немесе жуықтап
               қайталануы.
               •  Тербелістің пайда болуы мен физикалық сипатына қарай еркін және еріксіз болып бөлінеді. Еріксіз
               тербелістер мәжбүрлеуші күштердің әсерінен болады.
               •  Маятник дегеніміз – серіппеге, жіпке ілінген немесе өз осі арқылы бекітіліп, ауырлық күші әсерінен
               тербеліске келетін қатты дене.
               •  Математикалық маятниктің тербелісі оның ұзындығына тәуелді болса, серіппелі маятникте тербеліс
               периоды серіппе қаттылығы  мен серіппеге ілінген дененің массасына тәуелді болады.


              172
              172
   167   168   169   170   171   172   173   174   175   176   177