Page 175 -
P. 175
Бірдей фазада тербелетін орта нүктелерінің геометриялық
орны толқындық бет деп аталады. Толқындық беттер сфе-
ралық (дөңгелектік) және жазық болып бөлінеді. Сфералық
толқындар нүктелік көзден шығып, біртекті ортада тарала-
ды (9.2-сурет). Толқындық беті параллель жазықтар тәрізді
толқындарды – жазық толқындар дейді (9.3-сурет). Толқын-
молекулалары щеңберНҰСҚА
дық беттер бір-біріне қатысты кешігеді. Себебі, толқын шекті
жылдамдықпен қозғалады. t уақыт мезетінде тербеліс келіп 9.2-сурет. Сфералық
жеткен нүктелердің геометриялық орны толқындық фронт толқындар
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
деп аталады. Толқындық фронт тербеліске түскен және әлі
тербелмеген кеңістікті бөліп тұрады. Толқындық беттер саны толқындық
бірнеше болуы мүмкін, ал толқындық фронт саны біреу ғана бет
болады. Сәуле – толқындық бетке перпендикуляр бағытталған
кесінділер (ол толқынның таралу бағытын көрсетеді).
ДӘЛДІКПЕН ТАС ЛАҚТЫРУ
Дөңгелек ыдысқа құйылған судың дәл ортасына тас лақтырып ойнаған
ЖОБАЛЫҚ
балалар тастың лақтырылу дәлдігін қалай бағалай алады?
9.3-сурет. Жазық
толқын өткен кезде су
өкшесі толқынның таралу бағыты бойымен айналады толқындар
тыныштық
толқын биіктігі күйі
сайы
9.4-сурет. Толқынның таралу бағыты
Егер теңіздің толқындарын бақылаған болсақ, нені көрер
едік? Осы сұраққа жауап іздеп көрейік. Теңіздің тынық болуы
сирек болады – оның бетінде толқындар бар. Үлкен толқындар
жылдам қозғалады. Жағаға жақындаған толқындардың биіктігі
артады. Егер толқындар жартастарға соғылатын болса, бірнеше
жылдан кейін жартастың құлауына себеп болады. Жартасқа
соғылған толқын кері шағылады және энергиясының бір бөлігі
дыбысқа түрленеді.
Ай мен Күннің гравитациялық күші Жер бетіндегі мұхит
суларының тасуы мен қайтуын тудырады. Күніне екі рет су
тасуы мен екі рет су қайтуы болуы мүмкін. Күшті су тасулары
экваторда, ал әлсіз су тасулары полюстар маңында болады.
Сондай-ақ күшті су тасулары Ай мен Күн бір түзудің бойында
175

