Page 188 -
P. 188
Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Неліктен жетіген ішегіндегі толқын көлденең толқын деп есептеледі? Серіппеде бойлық толқынды
тудыру үшін не істеу керек? Серіппеде көлденең толқынды алуға бола ма?
2. Қатты дене бойымен көлденең де, бойлық толқын да тарайды. Су бетінде толқын өткенде, ол су
бөлшектерінің жоғары-төмен және оңға-солға қозғалысын тудырады. Ал неліктен судың түбіндегі
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
толқындар тек бойлық толқын болып табылады?
3. Егер ұзын сымның ұшы 4 Гц жиілікпен тербелсе және оның бойында таралатын көлденең толқынның
ұзындығы 60 см-ге тең болса, онда толқын қандай жылдамдықпен таралады?
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
4. 9.29-суреттегі түзу сызықтар жазық толқынның өркештері болып есеп- 5 см
теледі.
а) толқын ұзындығы мен толқын жылдамдығын анықта.
ә) 5 секунд бұрын Ғ орнындағы өркеш А орнында болған болса, онда
толқын жиілігі неге тең болады?
А Ә Б В Г Ғ
5. Толқынның сынуы кезінде қандай физикалық шамалар (толқын ұзын-
дығы, жылдамдық, жиілік) өзгереді? 9.29-сурет.
6. Суы бар шағын ваннаның АВСD бір қабырғасы сәл жоғары орналасты- A B
рылған (9.30-сурет). Р – толқын көзі. 1 секундтан кейінгі толқын фронты
суретте көрсетілген. шағын ванна
а) Неліктен толқын фронты шеңбер емес? толқын
ә) Ваннаның қай қабырғасы жоғары орналасқан? Дәлелде. P өркеші
D C
9.30-сурет.
Қорытынды
• Механикалық толқындарды тербелістегі дене тудырады, ол тек серпімді ортада ғана таралады.
• Толқын энергия тасымалдайды.
• Толқын ұзындығына тең арақашықтықта орналасқан екі нүктенің фазаларының айырымы 0° не-
месе 360°-қа тең.
• Толқынның екі түрі бар – бойлық және көлденең. Бойлық толқын өтетін орта бөлшектерінің тер-
белісі оның таралу бағытына параллель, ал көлденең толқында тік бұрыш жасай тербеледі.
υ
λ
• Толқын жылдамдығы шекті, ол υ=λ ∙ f немесе ν = формуласымен анықталады.
� T
• Суперпозиция принципі бойынша бір нүктеде кездескен екі немесе одан көп толқындардың қо-
рытқы ығысуы барлық толқындардың ығысуының алгебралық қосындысына тең.
• Толқын бөгетке кездескенде, олар дифракцияланады және бөгет сыртында тарала береді.
• Интерференция – екі когерентті толқындардың суперпозициясы.
188
188

