Page 191 -
P. 191
шектердің шоғырлану центрлері көрсетілген. Дыбыс толқын-
дары толқын фронттарына перпендикуляр сәулелер бойымен
таралады. Суреттегі синусоидалық қисық дыбыс толқынының
тек бір сәуле бойымен таралуын көрсетіп тұр. Дыбыс көзінен
қашықтық толқын ұзындығымен салыстырғанда өте үлкен
болғанда, сфералық толқындардың фронттарын жуықтап,
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
жазық толқындар фронттары деп, ал жазық толқындарды 10.2-сурет.
бір бағытта таралатын толқын ретінде қарастыруға болады
(10.4, ә-сурет).
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Адамның дыбыстық аппаратындағы дыбыс көзі – дыбыс
сіңірі. Біз сөйлегенде өкпеден келген ауа көмекейдегі екі дыбыс
сіңірін тербелтеді. Дыбыс сіңірінің ортасындағы дыбыс саңы-
лауы тарылып, дыбыс шығады. Сол жердегі ауа шоғырланады
(сығылады), уақыт өтуімен шоғырлану сиретумен алмасып, ды-
быс толқыны кеңістікте тарайды. Дыбыс тарайтын орта серпімді
болса, дыбыс көзінен алыста тұрып-ақ, дыбысты ести аламыз
(10.5-сурет). Құлақ – дыбысты қабылдайтын құрал (10.6-сурет). сиреу
Құлақ қалқанына жеткен дыбыс толқындары дабыл жарғағын шоғырлану
тербеліске келтіріп, ол да дыбыс жиілігіндей жиілікпен тербе-
леді (10.7-сурет). Оның тербелісі ортаңғы және ішкі құлақтағы 10.3-сурет. Дыбыс
сүйектер мен сұйықтықтарды қозғалысқа келтіріп, есту жүйкесі толқынының
ұштары арқылы миға берілгенде есту сезімін тудырады. ауада таралуы
Дыбыс серпімділігі жоғары ортада жылдамырақ таралады.
Молекулалары бір-біріне жақын орналасатындықтан, қат- Толқын
фронтары
ты денелерде дыбыстың таралу жылдамдығы үлкен болады,
мысалы дыбыстың металл арқылы таралу жылдамдығы газ-
дағымен салыстырғанда 10-15 есе үлкен. Дыбыс тұщы суда 1480
м/с, ал тұзды суда 1500 м/с жылдамдықпен таралады. Дыбыс
ә)
толқындарының таралу жылдамдығына ортаның серпімділігі, Дыбыс
тығыздығымен қатар, температурасы да әсер етеді. Мысалы, көз
а)
дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 0°С-та 330 м/с-қа, ал
О
20°С-та 340 м/с-қа тең. Температура әрбір 1 С-қа артқан сайын 10.4-сурет. Дыбыс
дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 0,6 м/с-қа артып отырады. толқыны фронттары
Дыбыс толқындарының энергиясы олар қандай да бір орта
арқылы тарағанда шығындалып, оның өшуіне әкеледі, яғни
дыбыстың таралу қашықтығы шектеулі болады. Дыбыс толқын-
дарының таралу (естілу) қашықтығы ауаның температурасына
да тәуелді. Егер ауаның температурасы биіктік артқан сайын
төмендейтін болса, дыбыс толқындары жоғары қарай қисая-
ды (10.9, а-сурет). Нәтижесінде дыбыс көзінен қандай да бір
қашықтықта (суретте штрихтап көрсетілген аймақта) дыбыс
10.5-сурет. Дыбыстың
естілмейді (мұндай жағдай күндіз байқалады). Биіктік артқан
құлақ қалқанына жетуі
сайын температура артса, дыбыс толқындары төмен қарай
191

