Page 195 -
P. 195
Дыбыс қаттылығы – дыбыстың қаншалықты қатты
естілетінінің көрсеткіші. Дыбыс қаттылығының бірлігі – сон
(sonus – латын тіліндегі «дыбыс» деген мағынаны білдіреді).
Ол дыбыс қысымының деңгейімен тығыз байланысты. Дыбыс
қысымының деңгейін өлшеу үшін бел (Б) немесе децибел (дБ)
қолданылады (1дБ = 0,1Б).
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
Дыбыс қысымының деңгейін өлшеу үшін қолданылатын децибел
шкаласы логарифмді болып табылады. Дыбыс қысымы деңгейінің әрбір
10 дБ-ге артуы дыбысты 10 есе қатты етеді. Бұл 20 дБ-дік дыбыс 10 дБ-мен
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
салыстырғанда, 10 есе қаттырақ, ал 30 дБ 10 дБ-ге қарағанда, 100 есе қат-
тырақ дегенді білдіреді. Децибелмен есептелетін кішкентай өзгерістің өзі
дыбыс қаттылығының үлкен өзгерісіне алып келеді.
Адам құлағының төменгі есту шегі 0 дБ, ал 120-130 дБ құлақты ауырта- 10.11-сурет.
ды. Жапырақтың сыбдыры 10 дБ, қалыпты сөйлеу 50-60 дБ, қатты сөйлеу Камертонның тербелуі
70 дБ, сирена 100 дБ, реактивті ұшақтардың көтерілуі 150 дБ, зымыран-
Дыбыс қаттылығы
дардың ұшырылуы 190 дБ.
– дыбыс көзі тербеліс-
терінің амплитуда-
Шу мен өте қатты дыбыстар адамдардың денсаулығына кері сымен анықталатын
әсер етеді. Шу, ұзақ уақыт қатты дыбысты есту адамдардың шама.
орталық жүйке жүйесі ауруларына әкеледі. Адамдарда үрей-
лену, тез шаршау, артериялық қан қысымының артуы, есту қа- Шу – қаттылығы, тон
биіктігі, тембрі әртүрлі
білетінің нашарлауы байқалады. Денсаулық сақтау мекемелері
дыбыстардың ретсіз қа-
бекіткен санитарлық нормаларға сәйкес шудың шекті деңгейі баттасуы.
30-40 дБ-ден артпауы тиіс. Шудың деңгейін шу өлшегішпен
өлшейді.
Қуатты ұшақтардың жанында, 85 дБ-ден жоғары дыбыс
шығаратын өндіріс орындарында ұзақ жұмыс істегенде қатты
дыбыс пен шудан қорғайтын құлаққап кию керек (10.12-су-
рет). Музыка тыңдауға арналған құлаққапты пайдаланғанда
(10.13-сурет), дыбыс қаттылығы деңгейін арттырмаған жөн.
Егер шу деңгейі 80 дБ жұмыс орнында 8 сағат болу қауіпсіз 10.12-сурет. Дыбыс
деп есептейтін болсақ, 88 дБ дыбыс залалы одан 2 есе көп. қаттылығы жоғары
өндіріс орнында
ШУДАН ҚОРҒАНУ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?
Адамдарға шудың зиянды әсерін азайту үшін үйлерді тұрғызғанда ды-
бысты шағылдыратын немесе жұтатын материалдар қолданылады. Ем-
деу-сауықтыру мекемелеріне жақын жолдарда дыбыстық сигнал беруге
тыйым салынғанын білдіретін белгілер қойылады (10.14-сурет).
Шудан қорғану үшін қандай шаралар ұсынар едің?
Ұсыныстарыңды сыныптастарыңмен бөліс.
ЗЕРТТЕ
10.13-сурет. Дыбысты
1. Қандай да бір музыканы дыбыс көзінен 10 см қашықтықта тыңда.
Одан кейін сол музыканы дыбыс көзінен қашықтықты өзгертпей, құлағыңа құлаққаппен тыңдау
үрленген шарды қойып тыңда. Қандай құбылысты байқадың? Құбылыс ты
түсіндір.
195

