Page 203 -
P. 203
анықтауда және жоюда, хирургиялық оталарда қан тоқтатуда,
медициналық аспаптарды зарарсыздандыруда және 2D, 3D,
4D ультрадыбыстық зерттеулерде қолданылуда. Медицинада
қолданылатын ультрадыбыс жиілігінің мәні зерттеу мен емдеу
тәсіліне қарай таңдалады. Медициналық ультрадыбыстық зерт- 10.24-сурет.
теуде 1 МГц-тен 15 МГц аралығындағы жиіліктер қолданылады. Жарқанаттардың
арқылы оңай анықтайды.БАЛЫҚ НҰСҚА
Мысалы, бауыр, өт, құрсақ және жамбас қуысын зерттеуде кеңістікте
2,5-3,5 МГц жиілік, жүректі зерттеуде 2,2-5 МГц, қалқанша безді бағдарлануы
зерттеуде 7,5 МГц, ал көз эхографиясында 10-15 МГц.
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
Ультрадыбыстың таралу жылдамдығы адам денесінің зертте-
летін бөлігінің тығыздығына, серпімділігіне байланысты өзгеріп
тұрады. Мысалы, ультрадыбыс бауырдан 1549 м/с, бүйректен 2-ТАПСЫРМА
1561 м/с жылдамдықпен өтеді. Ультрадыбыстық әдіс биоло-
гиялық ортадағы тығыздықтың аз ғана өзгерісіне дейін тіркей «Дельфиндер мен жарқа-
наттардың эхолокация-
алады. Төмендегі кестеде биологиялық материалдар үшін де- сы» тақырыбында постер
ректер көрсетілген. құрас тыр.
Ультрадыбыстың
Биологиялық материал Тығыздық, кг/м 3
жылдамдығы, м/с
қан 1060 1570
бұлшықет ұлпалары 1060 1540
майлар 900 1480
сүйек 1900 3780
Адамның бұлшықет ұлпалары да қасиеті жағынан сұйық 10.25-сурет. Бауырды
ортаға жақын келеді. Сондықтан ультрадыбыстық зерттеуде ультрадыбыстық
негізгі ақпаратты бойлық толқындар тасиды. зерттеу
Ультрадыбыстық әдістің медицинада көп қолданылуының
басты себептерінің бірі – оның рентген сәулесімен салыстыр-
ЖО
ғандағы қауіпсіздігі. Рентген сәулесімен анықтауға болмайтын
көзге түскен ағаш, шыны, пластмасса ұнтақтары ультрадыбыс
Кейбір кристалдар мeхaникaлық дефopмацияға ұшырағанда,
яғни созылып-сығылғанда, оның бір бетінде оң, қарама- қарсы
бетінде теріс электр зарядтары пайда болып, олардың арасын-
да потенциалдар айырымы туындайды. Сыртқы әсер тоқтаған
кезде кристалл бастапқы күйіне келеді. Осы құбылыс пьезо-
электрлік эффект деп аталады. Бұл құбылыс кварц кристалында 10.26-сурет. Қалқанша
пайда бола алады. Сондықтан ультрадыбысты шығарып алу безді ультрадыбыстық
үшін кварц кристалы қолданылады. зерттеу
Ультрадыбыстық түрлендіргіштер орнатылған құрылғының
электрондық бөлігінен келетін электр тербелістері ультрады-
быстық тербелістерді (кері пьезоэлектрлік эффект) тудырады.
203

