Page 206 -
P. 206

Тарауды бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар


              1.  Дыбыс көзі 200 Гц жиілікпен тербелгенде температурасы 25°C ауада ұзындығы 1,73 м толқындар
                 таралады. Дыбыстың таралу жылдамдығын анықта.
              2.  Баскетбол ойынын тамашалап отырған бала доптың торға түскенін көреді, ал дыбысын 0,444 с кейін
                 естиді. Ауаның температурасы 20°C.
                 Өз жауабыңды негізде.БАЛЫҚ НҰСҚА
                 а)  Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы қандай?
                 ә)  Бала тордан қандай қашықтықта отырған?
              3.  Өзенге шомылуға келген бала толқын ұзындығы 0,625 м, жиілігі 2240 Гц дыбысты естиді. Осы кезде
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                 бала өзеннің жағасында отырды ма, әлде суда жүзіп жүрді ме?
              4.  Әртүрлі дыбыстың осциллографтың бірдей бапталған жағдайында
                 алынған тербелістері 10.30-суретте көрсетілген (масштаб бірдей).
                 а)  Осциллограммаларда горизонталь бағыттағы әрбір торкөз 2,5 м/с
                    уақыт мәніне сәйкес келеді. 2-ші мен 3-ші дыбыс толқындарының
                    тербеліс жиіліктерін анықта.                                        1       2       3
                 ә)  1-ші және 2-ші дыбыс толқындарының ұзындықтарын есепте. Ауа-         10.30-сурет.
                    дағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с.                                      Осциллограммалар
                 б)  Тербелістердің ішіндегі ең биік дыбысты;
                 в)  Дыбыс қаттылығы ең жоғары тербелісті;
                 г)  Дыбыс қаттылығы бірдей тербелісті;
                 д)  Дыбыс биіктігі ең аз тербелісті анықта.
              5.  Реактивті қозғалтқышы бар ұшақ ұшқанда шыққан дыбыс қысымының деңгейі 150 дБ болғанымен,
                 жұмысшыға 40 дБ-дік дыбыс естіледі. Ал ұшақ ұшып кеткеннен кейін жұмысшыға дыбыс қысымының
                 деңгейі жапырақтардың сыбдырындай дыбыс естіліп тұрады.
                 а)  Жұмысшы киіп жүрген құлаққап қандай дыбыс қысымының деңгейіне дейін қорғауға есептелген?
                 ә)  Жапырақтар сыбдырының дыбыс қысымының деңгейі неше дБ?
                 б)  Ұшақ ұшып кеткеннен кейін жұмысшы құлаққапсыз дыбыс қысымының деңгейі қанша дБ дыбысты
                    ести алатын еді?
              6.  Жартасқа жақын тұрған адам:
                 а)  Жаңғырықты есту үшін ол жартастан қандай қашықтықта тұруы керек?
                 ә)  Жаңғырықтың пайда болу себебін түсіндір.
                       ЖО
              7.  Ақерке мен Жанеркеге шығаруға берілген есеп шарты бойынша кемеден жіберілген ультрадыбыстар
                 3 с-тан кейін қайтып оралған. Теңіздің тереңдігін анықтау керек. Дыбыстың суда таралу жылдамдығы
                 1500 м/с. Ақеркенің жауабы: 2,25 км. Жанеркенің жауабы: 4,50 км. Кімнің жауабы дұрыс? Есепті шығар.



               Қорытынды
               •   Дыбыс – бойлық механикалық толқын. Дыбыс қатты денелердің, сұйықтардың, газдардың тер-
                   белісінен пайда болады.
               •   Адам жиілігі 16 000 - 20 000 Гц тербелістерді естиді.
               •   Дыбыс толқындарын сипаттайтын шамалар: жиілік, период, толқын ұзындығы, дыбыстың таралу
                   жылдамдығы, дыбыстың қаттылығы, дыбыс биіктігі.
               •   Дыбыстың адамдардың сөйлеу, есту арқылы қарым-қатынас жасауы үшін маңызы зор.
               •   Қатты дыбыс, шу адамдардың денсаулығына кері әсер етеді.
               •   Дыбыс медицинада, өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады.




              206
              206
   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211