Page 198 -
P. 198

Неліктен домбыра            10.3   Жаңғырық. Акустикалық
               сияқты ішекті
               аспаптардың                           резонанс
               шанақтарында ойық
               жасалады?
                                             Дыбыс толқындарының қандай да бір кедергіден, мысалы
              ТІРЕК СӨЗДЕР:               тауда жартастардан, орманда ағаштардан, жазық жерде биік
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                          ғимараттардан шағылуы салдарынан қайталануын жаңғырық
              ■  акустика
                                          деп атайды. Егер дыбысты шағылдырушы бет тегіс болса, онда
              ■  резонанс                 дыбыс толқындарының басым бөлігі шағылады. Егер шағылды-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
              ■  реверберация             рушы бет кедір-бұдыр болса, онда дыбыс толқындары шашы-
                                          райды.
                Жaңғырық  –  дыбыс           Кейде үлкен бос бөлмеде де жаңғырық естіледі. Жер бетінде
                толқындарының  қaн-       жаңғырықтар бірнеше рет қайталанатын орындар бар. Мыса-
                дай  да  бір  кедергіден
                шағылып,  бастапқы        лы, Германиядағы жартастар ортасындағы Кёнигсзе көлінде,
                орнына  қайта  оралу      Алтайдағы орманмен көмкерілген Телец көлінде, Сібірдегі
                құбылысы.                 Лена өзенінің жартасты жағалауларында жаңғырық 7-10 рет
                                          қайталанады. Егер дыбысты шағылдырушы беттердің саны
                                          көп және олар әртүрлі қашықтықта орналасқан болса, онда
                                          шағылған дыбыстар адамға әртүрлі мезгілде келіп жетеді де,
                                          жаңғырық бірнеше рет естіледі.
                                             Дыбыс қандай да бір денеден шағылып, алғашқы орны-
                                          на қайтып келгенде екі еселенген қашықтықты жүріп өтеді
                                          (10.18-сурет). Дыбыстардың қабылдануы арасындағы уақыт
                                          пен дыбыстың қарастырып отырған ортадағы жылдамдығы

                   10.17-сурет.           белгілі болған жағдайда, дыбыс көзінен шағылдырушы бетке
                 Кёнигсзе көлінде         дейінгі қашықтық:
                 саяхатшылардың                                            υ · t
                 флюгельгорн                                           s  =                                (10.3)
                 дыбысының                                                  2
                 жаңғырығын тыңдауы
                                             формуласымен анықталады. Жаңғырық эхолокацияда (ги-
                                          дролокацияда) теңіздер мен мұхиттар тереңдігін өлшеуде, су
                                          астындағы нәрсеге дейінгі қашықтықты анықтауда қолданы-
                                          лады.

                                          НЕЛІКТЕН ЖАҢҒЫРЫҚ КІШІГІРІМ БӨЛМЕДЕ ЕСТІЛМЕЙДІ?
                   10.18-сурет. Дыбыс
                 толқындарының               Адамдар алғашқы дыбыстан ең кемі 0,06 с уақыт өткенде ғана жаңғы-
                 бөгеттен шағылуы         рықты  қабылдайды.  Ал  кішігірім  бөлмеде,  оның  қабырғасынан  5  м
                                          қашықтықта  тұрған  адам  жаңғырықты  естімейді.  Себебі,  шығарылған
                                          және шағылған дыбыстардың қабылдануы арасындағы уақыт аралығын
                Акустика (akustіkos –                   2 · 5 м
                грек тілінде «естілетін»,   есептесек,  t=     ≈0,03  с.  Бұл  уақыт  жаңғырық  естілетін  уақыттан
                «тыңдалатын»  деген                    340 м/с
                мағынаны білдіреді) –     2 есе аз болғандықтан, адам өз дауысынан жаңғырықты ажырата алмай-
                физиканың  дыбысты        ды. Бөлменің өлшемдері қандай болғанда жаңғырық естілетінін есепте.
                зерттейтін саласы.

              198
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203