Page 204 -
P. 204

Шағылған ультрадыбыстық толқындар сол пьезоэлементпен
                                          қабылданады да, электр сигналына (тура пьезоэлектрлік эф-
                                          фект) түрленеді. Бұл сигнал құрылғының электронды бөлімінде
                                          өңделіп, эхография немесе ультрадыбыстық сканограмма деп
                                          аталатын кескіндерді береді.

                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
                                             Ортада  ультрадыбыстың  әлсіреуі  акустикалық  импеданспен  –  уль-
                   10.27-сурет. Теріні    традыбыстық кедергімен анықталады. Импеданстың үлкен болуы орта-
                 ультрадыбыстық           ның тығыздығы мен ультрадыбыстық толқынның таралу жылдамдығына
                 әдіспен тазарту          байланысты.  Ультрадыбыстар  таралғанда  толқындардың  шағылу  және
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                          сыну  заңдарына  бағынады.  Тексеру  тереңдігін  арттыру  қажет  болғанда
                                          науқастың терісінің бетіне сулы желені жағады. Ультрадыбыстық зерттеу-
                                          де толқынның басым бөлігі шағылады, мысалы, бұлшықет ұлпалары мен
                                          сүйек  шекараларында  бастапқыда  жіберілген  ультрадыбыстық  толқын-
                                          ның  40%-ы  кері  қайтарылады.  Акустикалық  импеданс  Z=ρυ  формула-
                                          сымен есептеледі, мұндағы, ρ – ортаның тығыздығы, υ – ультрадыбыстың
                                          жылдамдығы. Акустикалық импеданстың өлшем бірлігі кг · м  · с .
                                                                                                  –2
                                                                                                      –1
                                             Биология саласында қолданылатын ультрадыбыстық тер-
                   10.28-сурет. Балық
                 үйірлерін анықтау        белістердің жиіліктері бірнеше ондаған кГц-тен 1 МГц-ке дейінгі
                                          диапазонда жатады. Ультрадыбыс жасушаішілік құрылымдарды
                                          (митохондрия және хлор қабаттары) жою үшін қолданылады.
                                          Зерттеулер ультрадыбыстың ДНК молекуласын зақымдайтын-
                                          дығын дәлелдеді. Қолдан жасалған мақсатты мутацияны жасау
                                          өсімдіктер селекциясында үлкен рөл атқарады.
                                             Ультрадыбыстар өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығын-
                                          да да қолданылады. Балық шаруашылығында балықтардың
                                          үйірлерін эхолокация әдісімен, ультрадыбыстардың олардан
                                          шағылуы арқылы анықтайды (10.28-сурет).
                                             Шыны, болат сияқты қатты материалдарды кесу, ұнтақтау
                                          ультрадыбыстың көмегімен жүзеге асырылады. Машиналар-
                                          дың тетіктерін ультрадыбыстық тексеру арқылы металдың ішкі
                                          жағындағы болар-болмас жарықшақты анықтауға болады. Бұл
                                          ақауы бар тетіктің жұмыс үстінде сынып қалудың алдын алуға
                                          мүмкіндік береді.
                                             Техникалық қызмет көрсету станцияларында көліктердің
                                          әртүрлі бөлшектерін, сонымен қатар, күрделі пішінді зергерлік
                                          бұйымдарды да ультрадыбыстық жуу әдісімен тазалайды. Бұл
                                          әдісті қолданғанда механикалық зақымдану болмайды.


                                          ЕСЕП ШЫҒАРУ МЫСАЛЫ
                                             Кеменің  локаторынан  мұхит  түбіне  ультрадыбыс  жіберілгенде
                                          шағылған  толқындар  әртүрлі  уақытта  келеді.  Біріншісі  мұхит  түбіндегі
                                          тас тан шағылып, жіберілген уақытынан 2,04 с өткенде, ал екіншісі мұхит-
                                          тың түбінен шағылып, жіберілген уақытынан 2,05 с өткенде келеді. Мұхит


              204
   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209