Page 45 -
P. 45
3 Айналмалы қозғалыс кинематикасы
Төменде келтірілген суреттерден қандай Пәнаралық байланыстар
ортақ құбылысты байқадың?
■ математика пәнінен функциялардың
графиктері жайлы, бұрышты радианмен
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
анықтау жайлы алған біліміңді осы тарауда
қолданатын боласың;
■ біліміңді дене шынықтыру сабағында
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
«түрлі денелерді қашықтыққа лақтыру»
іс-әрекетінде, яғни тәжірибеде жүзеге
асыратын боласың;
■ химия сабағындағы электронның
ядроны айнала қозғалысын бағалауда
сараптайсың;
■ информатика сабағындағы айналу жиілігі
туралы алған алғашқы біліміңді осы
тарауда дамыта аласың;
Сен білесің:
■ өнер сабағында үйренген композиция
құруды физикадағы айналмалы қозғалыс
■ материялық нүктелік дененің ілгерілемелі
тақырыбында қарастыра аласың;
қозғалысын сипаттайтын шамалар мен
теңдеулерді қолдануды білесің; ■ қазақ тілінен алған біліміңді өзара
■ графиктер арқылы қозғалыс түрін ажырата байланыстыра отырып, жүйелі әрі сауатты
аласың; деректер арқылы айтылым және жазылым
дағдыларын дамытуда қолдана алатын
■ қозғалыс теңдеуіне сәйкес графикті сызуды боласың.
білесің.
Осы тарауда сен үйренесің:
■ материялық нүктенің шеңбер бойымен
бірқалыпты қозғалысын сипаттауды;
■ бұрыштық орын ауыстыруды радианмен
көрсетуді;
■ сандық және сапалық есептер шығаруға
бұрыштық жылдамдық түсінігін қолдануды;
■ материялық нүктенің жылдамдығын қисық
сызықты траектория бойымен қозғалысты
толық түсіндіруді;
■ шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс
кезіндегі центрге тартқыш үдеуді
анықтауды және қолдануды үйренесің.
45

