Page 71 -
P. 71

Болат пен темірдің пішінін балғамен ұрып өзгерту қиын.
           Ал қыздыру арқылы олардың пішінін өзгерту оңай. Бөлме
           температурасында пластикалық болып табылатын қорғасынды
                                       О
           салқындату арқылы (­100  С) серпімді қасиетке ие болатындай
           өзгертуге болады.
               Аз деформация әсерінен морт сынғыш материалдар да
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           бар. Шыны мен фарфордың морт сынғыш қасиетін бірнеше
                                                                                        4.13­сурет. Допты
           рет көрген шығарсың. Шойын, мәрмәр, янтарь да сынғыш                       аяқпен тебу
           материалдар қатарына жатады.                                               сәті түсірілген
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
               Денеге әсер ететін күштің бағытына және күштің түсу нүк-               рентген фотосы
           тесіне қарай деформация бес түрге бөлінеді:
               1. Созылу (арқан, шынжыр, сіңір).
               2. Сығылу (бағана, қабырға, омыртқа).                                СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
               3. Ығысу (қабырғаға қағылған шеге, бұлшықет).
               4. Бұралу = созылу + ығысу (бұрғы, бұрандалы шеге, тері).           Париждің негізгі символы
                                                                                   Эйфель мұнарасы іші қуыс
               5. Иілу (майысу) = созылу + сығылу (көпір, ось, сүйек).             болат  құбырлардан  са-
               Иілген дененің ортасында бейтарап қабат (деформация­                лынған. Олардың көлденең
           ға ұшырамаған) болады. Осы қабатты алып тастау арқылы:                  қимасының ауданы адам-
           1) материалды үнемдеуге; 2) конструкцияның беріктігін арт-              ның түтікті сү йектерінің ау-
           тыруға болады.                                                          данындай. Бұл кездейсоқ
                                                                                   емес.  Мысалы,  адамның
               Қазіргі кезде техника мен құрылыста өзекшелер мен тұтас             жіліншігі сығылу деформа-
           білеулердің орнына ортасы қуыс құбырлар, рельстер, швеллер-             циясына ұшырай отырып,
           лер қолданылады. Ал адамдар мен жануарлардың аяқ­қолдары                1,6­1,8 тонна жүкке төзе
           іші қуыс түтікті сүйектерден тұрады.                                    алады екен.
           ЗЕРТТЕ                                                                   N       созылу      N

              Резеңкелі лентаны алып, ара қашықтықтары бірдей болатын параллель      N                  N
           сызықтар сыз. Осы резеңкеге созылу, иілу және бұралу деформацияла-               сығылу
           рына ұшырайтындай күш түсір. Параллель сызықтарда қандай өзгерістер
           болды?  (4.14­сурет).  Кристалдық  тор  ұғымын  қолданып,  деформацияға   Q      ығысу       Q
           ұшыраған қатты денелердегі өзгерісті сипатта.
                                                                                    M                    M
                                                                                             иілу
              СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
                                                                                     T      бұралу
              1.  Заттардың серпімді не пластикалық деформацияға ұшырауы қандай                         T
                 жағдайларға тәуелді?
                                                                                        4.14­сурет.
              2.  Желеден жасалған кубты тербелтсе, ол қандай деформацияға ұшы-
                 райды?                                                               Деформация түрлері
                                                                                      және деформация­
              3.  Ежелгі Грек ғибадатханаларының вертикаль бағандары әлі күн-         лаушы күштер
                 ге дейін сақталған, ал горизонталь плиталары қирап қалған. Осы
                 жағдайды түсіндіріп бер.

              4.  Велосипедтің рамасы неліктен қуыс?
              5.  Үш көпір түрін қарастыр. Олардың конструкциясында қандай
                 айырмашылықтар бар? Көпірдің қандай бөліктері сығылу, созылу
                 деформациясына ұшырайды?

                                                                                                         71
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76