Page 81 -
P. 81

мен тіректің реакция күші арасындағы пропорционалдық ко-
           эффициенті. Оны статикалық үйкеліс коэффициенті деп атайды.
           Үйкеліс коэффициенті  жанасатын беттердің материалына және
           олардың өңделу дәрежесіне тәуелді. Оны эксперименттік түрде
           анықтайды. 4.9­формуладағы тәуелділікті ең алғаш француз
           физигі Ш.Кулон анықтаған.                                              |f|
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
               Бір дене екінші дене бетімен сырғанағанда пайда болатын                 f c.max
                                                                                       =μ N
           сырғанау (кинетикалық) үйкелісі жанасатын беттердің күйіне                    c
           және денелердің салыстырмалы жылдамдығына тәуелді бо-
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           лады. Дене сырғанай бастағанда кинетикалық үйкеліс стати-                    f =F            0,5
           калық үйкелістен кіші болады, салыстырмалы жылдамдықтың                      c           f =μ N
                                                                                                     K
                                                                                                        K
           шамасы артқанда кинетикалық үйкеліс шамамен максималды                   0
           тыныштық үйкелісімен теңеседі.                                              статикалық   кинетикалық
                                                                                                 үйкеліс
                                                                                        үйкеліс
                                        →        →
                                        F   = μ  N                       (4.10)
                                          к    к
               мұндағы μ  – кинетикалық үйкеліс коэффициенті.
                          к                                                             4.27­сурет. Үйкеліс
               Жанасқан денелер арасында жұқа сұйық қабаты болса не-                  күшінің түсірілген
           месе оларды майлау арқылы сырғанау үйкелісін азайтуға бо-                  күшке тәуелділік
           лады,  яғни  құрғақ үйкелісті сұйық үйкеліске айналдырамыз.                графигі, μ >μ к
                                                                                               с
               Домалау үйкелісінің шамасы сырғанау үйкелісіне қараған-
           да аз болады. Сондықтан ауыр денелерді оңай қозғау үшін,
           олардың аяқтарына дөңгелектер орнатады. Мысалы, рельс
           пен теміржол вагондарының болат дөңгелектерінің арасын-                 ЗЕРТТЕ
           дағы үйкеліс коэффициенті μ  = 0,001­ге тең. Бұл болаттан               Үйкеліс коэффициенті жа-
                                             д
           жасалған рельс пен болаттан жасалған вагон дөңгелектері ара-            насатын беттердің ауда-
           сындағы сырғанау үйкеліс коэффициентінің мәнінен 400 есе аз.            нына тәуелділігін зертте.
           40 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан автокөліктің                Зерттеу жүргізгенге дейін
                                                                                   болжам жаса және зерт-
           шинасы мен бетон трасса арасындағы үйкеліс коэффициенті                 теу барысын сыныптаста-
           аз (μ  = 0,01) болса да, үйкеліс әсерінен жоғалған энергия ауа­         рыңмен  талда.  Зерттеу
                д
           ның кедергісі әсерінен жоғалған энергиядан үлкен болады.                нәтижесін болжаммен са-
           Температураны арттыру арқылы да үйкеліс шамасын арттыруға               лыстыр.
           болады.
               Үйкеліс күшінің гравитациялық және серпімділік күшінен
           айырмашылығы — ол жылдамдыққа тәуелді. Ал гравитациялық
           және серпімділік күштері денелер (молекулалар) арасындағы
           ара қашықтыққа тәуелді.
               Сұйықта немесе газда қозғалған қатты денеге ортаның ке-
           дергі күші әрекет етеді. Ол дене ортаға қатысты салыстырмалы
           жылдамдықпен қозғалғанда ғана пайда болады және дененің
           қозғалысын баяулатады. Сұйықтар мен газдарда тыныштық
           үйкелісі болмайды, сондықтан судағы қайықты орнынан қозғау
           оңай.





                                                                                                         81
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86