Page 177 -
P. 177
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Толық доминантты Толымсыз доминантты
1. Бірінші гибридтік ұрпақ ата-анасынан 1. Ата-анасына ұқсамайтын Толымсыз доминанттылық
келген доминантты белгіні көрсетеді. жаңа белгіні көрсетеді. тек өсімдіктер мен жануар-
2. 2. ларды ғана байқалмайды.
3. 3. Адамның жарқын мысалы
4. 4.
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
5. 5. - бүйра мен тік шаштың үй-
лесімі. Бірінші ұрпақта шаш
пішіні толқынды болады.ц
ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
1. Белгілердің тұқым қуалауының толымсыз доминанттылық типінің
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
анықтамасын жаз.
2. Толық және толымсыз доминанттылықтың фенотиптік көрінісінде
қандай айырмашылықтар бар?
3. Толымсыз доминантты белгілерге мысал келтір.
4. Қой құлақ қалқанының ұзын аллелі қойдың құлақ қалқаны жоқ
аллеліне қарағанда толымсыз доминантты. Егер қойдың генотипі ге-
терозиготалы болса, қысқа құлақты көрсетеді. Ұзын қалқан құлақты
қойды құлақ қалқаны жоқ қоймен будандастырғанда қандай ге-
нотиптер мен фенотиптер көрініс табатынын анықта. Генетикалық
сызбаны құрастыр.
5. Иттердің қара түктері қоңыр түкке қарағанда доминантты. Қара
иттің аналығымен қоңыр иттің аталығын будандастырғанда 4 қара,
3 қоңыр күшік туылды. Ата-аналары мен ұрпақтарының генотипін ▲ Айдарлы кептер
анықта.
КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА. Айдарлы кептерлер айдарсыз кептерлермен
шағылыстырылды. Ұрпақтарының 394-і айдарлы, 412-сі айдарсыз құстар
болды. Айдарсыз кептерлерді өзара шағылыстырғанда 928 ұрпақ берді.
Олардың барлығы айдарсыз болып шықты. Қандай белгі басымдық көр-
сеткен? Берілген тәжірибедегі айдарлы ата-аналарының генотипі қандай?
177

