Page 256 -
P. 256

16.4  Биотехнологияның маңызы.

                                                Биотехнологияның бағыттары.

                                                Биотехнологияда өндірілетін
                                                өнімдер
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА

            Қазіргі кезде
            биотехнологияның               Бүгінгі күнде тамақ өнеркәсібі мен биотехнологияны бір
            өнімдерін қолданбау        бірінен бөліп қарау мүмкін емес. Бұл салалар қарқынды дамып
            мүмкін бе?                 азық-түліктік қажеттілікті қамтамасыз етіп келеді. Күнделікті
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
                                       өмірде биотехнологияның өнімдері үздіксіз қолданылады.
                                       Әсіресе сүт қышқылдық өнімдер, айран, йогурт, ірімшік, құрт,
           ТІРЕК СӨЗДЕР:
                                       әртүрлі ашытқылар. Бұл өнімдердің барлығы арнайы микро-
           ■  протеазалар              ағзалардан өндірілген ферменттер көмегімен жасалынады.
            ■ иммобилизация            Осылардың көмегімен ауылшаруашылықты азық-түліктік өнім-
                                       дерінің сапасы жақсарып, өнімділігі артады. Өндіру үшін шығын-
            ■ лактаза
                                       дар мөлшері азаяды. Дәстүрлі өнімдерді жетілдіріп адамзаттың
            ■ лактоза
                                       сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы ғылыми орталықтарда
           ■  гені өзгерген ағзалар
                                       зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде заман талабына
           ■  тионды бактериялар       сай, нарықтық сұранысты қанағаттандыратын жаңа өнімдер
                                       шығарылып, олар үнемі жетілдіріліп отырады. Тағамдардың
                                       сапасын жақсарту үшін әртүрлі ашытқылар, табиғи бояғыштар,
                                       дәмдеуіштер, ферменттер, протеиндер – биотехнология ғылы-
                                       мының ізденісінің жемісі. Тағамға хош иістерді беруге қолда-
                                       нылатын заттарды синтездеу үшін микроағзаларды қолдану
                                       тиімді. Себебі олар мол өнім береді және олар экологиялық
                                       қауіпсіз болып табылады. Мысалы ванилинді АҚШ-та E. Coli
                                       бактериясының жаңа штамынан өндіру жүзеге асырылады.


                                       Биотехнологиялық жүйенің негізгі құрылымы




                                                                    Биологиялық
                                                                       нысан



                                                                   Үдерісті жүзеге
                                                  Субстрат           асыратын             Өнім
                                                                      құрылғы

                       Прокариот
                    және эукариот
                  жасушаларының                                     Технология
                       құрылысы    ▲



           256
   251   252   253   254   255   256   257   258   259   260   261