Page 260 -
P. 260

Биология біздің өмірімізде

           Бактерияның құрылысын зерттеу

           ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. Пішен таяқшасы бактериясы
           (Bacillus subtilis) мен ас бұршағы өсімдігінің бактерияларын
           алып, құрылысын зерттеу үшін алдын ала өсіру керек. Аузы
                    ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           жабылатын арнайы екі ыдыс алып оларды стерильдеу.
           Біріншісіне пішенді 10-15 г  ұсақтап турап салып, қайнаған
           су құю. Оған 2-3 г бор салып 15 минут қайнату. Ас бұр-
           шағының тұқымынан 20-30 г алып екінші ыдысқа салу,
           үстіне жылы су құю. Екі ыдысты да  бір аптаға қараңғы
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           жерге қойып қою. Бір аптадан кейін су бетінде кілегейленіп
           тұрған қабаттан микропрепарат әзірлеп, бактериялардың
           құрылысымен танысу.
              Жұмыс барысы:
              •   Пішен таяқшасы бактериясын зерттеу үшін тамшуыр
           көмегімен  ыдыс  бетіндегі  кілегейлі  қабаттан  бір  тамшы
           алып  заттық  шыныға  тамыз.  Жабын  әйнекпен  жауып,
           уақытша микропрепарат жаса.
              •  Микроскоптың ең үлкен ұлғайтқышының көмегімен
                                                                   ▲   Бактерияларды зерттеу
           микропрепаратты қарап, ұзынша келген пішен таяқшасы
           бактериясын тап.
              •  Микроскоптан көрген бактерияның биологиялық суретін дәптеріңе салып, көзге көрінетін құрылы-
           сын белгіле.
              •  Екінші ыдыс бетіндегі қабаттан микропрепарат әзірлеп, шіріту бактерияларын зертте.
              •  Өзің зерттеген бактерияның суретін салып белгіле.
              •  Сурет салу барысында биологиялық сурет салудың барлық талаптарын сақта.






































           260
   255   256   257   258   259   260   261   262   263   264   265