Page 82 -
P. 82

textbooks nis edu kz
                                     6.135   Параллелограмның қарама-қарсы қабырғаларында бір нүктеден
                                             белгілеп,  оларды  параллелограмның  төбелерімен  қосты.
                                             Нәтижесінде параллелограмм алты үшбұрыш пен бір төртбұрышқа
                                             бөлінді. Дәлелде:

                                          а)    көк үшбұрыштардың аудандарының қосындысы жасыл
                                             үшбұрыштардың аудандарының қосындысына тең;

                                          ә)    сары үшбұрыштардың аудандарының қосындысы сұр
                                             төртбұрыштың ауданына тең.


                A            B       6.136    АВСD шаршысының АВ және СD қабырғаларының орталарынан
                        Q                    өтетін р түзуінде Р және Q нүктелері белгіленген. АВСQ, АQСR және
                                             АRСD төртбұрыштары тең шамалы болып шықты. Егер шаршының
                                             қабырғасы а-ға тең болса, QR кесіндісінің ұзындығын тап.
                     R
                D            C
                                     6.137   Ромбтың диагональдарының бірі екіншісінен екі есе ұзын, ал оның
                                             ауданы 36 см² құрайды. Ромбтың диагональдары мен қабырғаларын
                                             тап.


                                     6.138   Үшбұрыштың екі қабырғасы 1 және  13 -ке тең, ал олардың ортақ
                    13        1              төбелерінен шығатын медиана 2-ге тең. Берілген үшбұрыштың
                        2
                                             ауданы қандай?


                                        Шешу  идеясы  суретте  көрсетілген  қосымша  салуды  қолдануға
                                     негізделген.


                                     6.139   А нүктесі — XYZ үшбұрышының ХY қабырғасының ортасы болсын,
                                             В нүктесі YВ:ВZ = 3:4 болатындай YZ қабырғасында жатыр. АВY
                                             үшбұрышының ауданы XYZ үшбұрышының ауданының қай бөлігін
                                             құрайтынын анықта.


                                     6.140  АВС үшбұрышын сал.


                                             1.  Циркуль мен сызғыштың көмегімен оның әр қабырғасында оны
                                               теңдей 3 бөлікке бөлетін екі нүктеден белгіле.
                                             2.  Егер S(ABC) = S болса, төбелері шыққан нүктелерде жататын

                                               алтыбұрыштың ауданын тап.

                                             3.   Төбелері  берілген  үшбұрыштың  төбелерін  қоса  алғанда  бел-
                                               гіленген  тоғыз  нүктенің  кез  келген  нүктесімен  беттесетін  кез
                                               келген көпбұрышты қарастыр және оның ауданын тап.

                                             4.   Сыныптасыңа 3)-пункттен өз көпбұрышыңның ауданын табуды
                                               ұсын, содан кейін нәтижелерді салыстыр.

            82
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87