Page 81 -
P. 81
textbooks nis edu kz
6.11 Үшбұрыштар мен
төртбұрыштардың аудандары
6.131 Келесі тапсырмаларда дұрыс жауапты таңда.
1. ABCD тіктөртбұрышының ауданы S-ке тең. P және Q нүктелері
сәйкесінше BC және CD қабырғаларының орталары болып табылады.
PCQ үшбұрышының ауданы қандай?
3
1
3
а) S; ә) S; б) 1 S; в) S; г) 1 S.
8 8 4 7 2
2. Тіктөртбұрыштың боялған және боялмаған бөліктерінің аудандарын
салыстыр.
а) боялған бөліктің ауданы артық;
ә) боялған бөліктің ауданы кем;
б) аудандар тең.
3. Теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыштың әр катеті 2 есе қысқартылды.
Оның ауданы неше есе кеміді?
а) 2; ә) 2 ; б) 2 2 ; в) 4; г) 8.
4. Боялған үшбұрыштың ауданы неше торкөзден тұрады?
а) 9; ә) 8; б) 7,5; в) 6; г) 5.
6.132 АВС үшбұрышының АМ медианасында К нүктесін белгіле, содан
кейін осы нүктені В және С төбелерімен қос. Шыққан тең шамалы
үшбұрыштардың барлық жұптарын көрсет.
6.133 Радиустары 2 см болатын үш шеңбердің центрлері қабырғалары
7, 15 және 20 см болатын үшбұрыштың төбелерінде орналасқан.
а) Әр шеңбердің анықталған секторы үшбұрыштың бір бөлігін жа-
бады. Осы секторлар жарты шеңберді құрайтынын дәлелде.
ә) Шеңберлермен жабылмаған үшбұрыш бөлігі ауданының дәл
мәнін тап.
6.134 Параллелограмның ішінде нүкте белгіле және оны параллелограмның
барлық төбелерімен қос. Параллелограмның қарама-қарсы
қабырғаларына іргелес жатқан екі үшбұрыштың аудандарының
қосындысы мен қалған екі үшбұрыштың аудандарының
қосындысын салыстыр.
81

