Page 85 -
P. 85

textbooks nis edu kz
         6.148   Егер трапеция табандары 15 және 7 см, ал биіктігі 4 см болса, оның
                 ауданын тап.                                                          Сен білесің бе?
                                                                                        Ежелгі мысырлық-
         6.149   Трапецияның табандарының бірі 10 м, ал биіктігі 11 м-ге тең. Егер      тар 4000 жыл
                 трапецияның ауданы 132 м  болса, оның екінші табанын тап.              бұрын біздің қазір-
                                            2
                                                                                        гі тіктөртбұрыш,
         6.150  Келесі әр тапсырмада трапецияның ауданын тап:                           ұшбұрыш және тра-
                                                                                        пецияның ауданын
             а)   Тікбұрышты трапецияның үлкен табаны 10 см-ге тең, ал үлкен            өлшейтін тәсілдерді
                 бүйір қабырғасы — 8 см. Трапецияның бұрыштарының бірі 60°              қолданған. Кез кел-
                 құрайды.                                                               ген төртбұрыштың
                                                              2
             ә)    Трапецияның кіші табаны үлкен табанының   құрайды, кіші диа-         ауданын есептеу
                                                                                        үшін мысырлықтар
                                                              3
                                                                                        оның қарама-қар-
                 гоналі оның тік бұрышының биссектрисасы болып табылады, ал             сы қабырғаларын
                 орта сызығы 15 см-ге тең.                                              көбейткен. Бірақ бұл
             б)   Трапецияның орта сызығы 13 см-ге тең, ал бүйір қабырғасы 10           формула тек қана
                 см-ге тең және кіші табанымен 150° бұрыш құрайды                       тіктөртбұрыш үшін
             в)    Теңбүйірлі трапецияның табандары 36 және 44 см-ге тең, ал диа-       орындалады.
                 гоналі — 41 см.
             г)   Тікбұрышты трапецияның үлкен диагоналі 100 см-ге тең. Табан-
                дарының айырмасы 11 см-ге тең, ал бүйір қабырғаларының айыр-
                масы — 1 см.
             ғ)   Трапецияның екі қарама-қарсы бұрыштары 30° және 135°, табан-
                дары 1 және 5 см- ге тең.
             д)   Трапецияның табандарының бірі оның бүйір қабырғасына тең,
                 екінші табаны 29 см-ге тең, ал екінші бүйір қабырғасы — 13 см.
                 Трапецияның периметрі 72 см.

         6.151   Табандары AD және ВС болатын ABCD трапециясының ауданы
                 АDС үшбұрышының ауданынан үш есе үлкен. ΔBDС ауданы ΔADC
                 ауданынан неше есе үлкен?

         6.152   Диагональ трапеция ауданын 5:11 қатынаста бөледі. Трапецияның
                 орта сызығы оның ауданын қандай қатынаста бөледі?

         6.153   Теңбүйірлі трапецияның диагональдары оның сүйір бұрыштары-
                 ның биссектрисалары болып табылады. Трапецияның ауданын тап,

                 егер:

             а)   табандарының ұзындықтары 39 және 25;
             ә)   оның бұрыштарының бірі 120°-қа, ал периметрі 5-ке тең болса.

         6.154   Боялған трапецияның ауданы бес жұлдыз ауданының жартысын
                 құрайтынын көрсет.




                                                                                                           85
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90