Page 87 -
P. 87

textbooks nis edu kz
          6.13   Трапеция ауданы


         6.156  Келесі тұжырымдарды ақиқат және жалған тұжырымдарға бөл.

             а)   Трапеция табандарының орталарын қосатын кесінді оны екі тең
                 шамалы бөлікке бөледі.
             ә)    Трапецияның орта сызығы оны қаққа бөледі.
             б)    Екі тең емес шаршы тең шамалы бола алады.
             в)  Екі тең емес ромб тең шамалы бола алады.
             г)   Трапецияда диагональ жүргізілген. Шыққан үшбұрыштардың
                аудандарының қатынасы трапеция табандарының қатынасына тең.
             ғ)   Егер трапецияның бір табанын 3-ке кемітсе, ал екіншісін 3-ке
                арттырса, онда трапецияның ауданы өзгермейді.
             д)   Үшбұрыштың үлкен қабырғасы мен оған жүргізілген биіктіктің
                 көбейтіндісі  кіші  қабырғасы  мен  оған  жүргізілген  биіктіктің
                 көбейтіндісінен артық.

         6.157   К нүктесі — АВСD трапециясының СD бүйір қабырғасының ор-                        B       C
                 тасы.

              1.   АВК  үшбұрышының  ауданы  трапеция  ауданының  қай  бөлігін
                құрайды?
              2.   К  нүктесінен  екінші  бүйір  қабырғаға  дейінгі  қашықтық  14-ке,
                трапеция ауданы 63-ке тең. AB бүйір қабырғаның ұзындығын тап.            A             D


         6.158   Трапецияның екі қарама-қарсы бұрыштарының қатынасы 1:4, ал
                 басқа екі бұрышының қатынасы 2:5. Трапецияның табандары 7
                 және 11. Тап:

             1.   трапецияның бұрыштарын;
             2.    параллелограмға және үшбұрыштарға бөлу арқылы трапецияның
                ауданын.


                                                                                  E
         6.159   MNKP трапециясының К төбесі арқылы КЕ || NP және KE         MP
                 болатындай етіп, КЕ түзуі жүргізілген.
                                                                                          N      K
              1.  MNK және NKP үшбұрыштары неге тең шамалы екендігін түсіндір.

              2.  MNK және KPЕ үшбұрыштары да тең шамалы екендігін дәлелде.
              3.   MNKP  трапециясына  қай  фигура  тең  шамалы?  Осыдан,  егер        M             P     E
                трапецияның табандары 18 және 19, ал диагональдары 19 және 20
                болса, оның ауданын тап.


         6.160    Трапецияның бүйір қабырғасының кіші табанына қатынасы 13:7,
                 үлкен табанына — 13:17. Егер трапецияның ауданы 36 болса, оның
                 периметрін тап.


                                                                                                           87
   82   83   84   85   86   87   88   89   90   91   92