Page 89 -
P. 89

Өзен арнасындағы тіршілік ететін қиманың ауданын анықтау үшін
       textbooks nis edu kz
         оның тереңдігі бір-бірінен 1,2 м қашықтықта бірнеше жерден өлшенді.
         Бұл нүктелерді өлшеу нүктелері деп атайды. Өлшеу нәтижелері төмендегі
         кестеде келтірілген.

             1.   Суретті және кестедегі ақпаратты қолданып, көлденең қиманы
                трапеция ретінде қабылдап, ізделінді ауданның шамамен алғандағы
                мәнін тап. Трапецияның үлкен табаны — су бетінің ені, ал биіктігі —
                арнаның ең терең жері.
             2.   Гидрологтар — су жүйесін зерттейтін ғалымдар — көлденең
                қиманың ауданын табу үшін кестенің төмендегі үш жолында
                көрсетілген есептеулерді жүргізеді.


              а)   Екі  ерекшеленген  кесте  ұяшығында  жазылған  нәтижелер  нені
                 білдіретінін  түсіндір.  Осы  есептеулер  қандай  математикалық
                 деректерге сүйеніп жасалды?



           Өлшеу нүктелерінің №          0     1      2     3      4      5     6      7      8     9    10



           Өзен тереңдігі, м             0    1,71  2,50   2,68   2,70  2,68   2,61   2,52  2,44 1,75     0


           Көршілес тереңдіктердің       0,85    2,10
           жарты қосындысы, м


           Өлшеу нүктелері арасын-
           дағы қашықтық, м               1,2    1,2


           Өлшеу нүктелері арасын-
           дағы аудан, м .               1,02    2,52
                        2


               ә)  Кестені толтыр және қиманың ауданын тап.


               3.    1-пункттің нәтижесі 2-пункттің нәтижесінен қанша пайызға
                  ерекше? Қай нәтиже дәлірек?

               4.   Өзен суының шығыны тіршілік ететін қиманың және өзен ағы-
                  сының жылдамдығының көбейтіндісіне тең. Егер өзен ағысы-
                  ның жылдамдығы 3 м/с болса, өзен суының шығынын тап











                                                                                                           89
   84   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94