Page 162 -
P. 162

Қорытынды


           1.  Неге көміртекті – бейметалға, ал кремнийді металлоидтарға жатқызады? Жауабыңды осы элемент-
               тердің атом құрылысы тұрғысынан түсіндір.
                                                        30
                                                   29
                                              28
           2.  Кремнийдің тұрақты изотоптары:   Si,     Si,     Si.  Осы изотоптардың атомдарының ядросында қанша
               нейтрон және протон бар?
           3.  Кремний қосылыстарында қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? Жауабын осы элементтің атом құрылы-
                                            2АЛЫҚ НҰСҚА
               сы тұрғысынан түсіндір.
           4.  Кәдімгі құмның құрамында болатын зат:
               а)  кремний;
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
               ә)  кремний (ІІ) оксиді;
               б)  алюминий оксиді;
               в)  кремний (ІV) оксиді.
           5.  Кремнийдің балқу температурасы 1415° С. Кремнийдің балқу температурасының өте жоғары екенін
               қалай түсіндіруге болады?

           6.  Алмаз бен кристалдық кремнийдің кристалдық торлары бірдей. Алмаз неліктен электр тогын өткіз-
               бейтінін, ал кремний неліктен өткізетінін түсіндір.
           7.  Неліктен кремний диоксидін абразивті материал, мысалы, егеуқұм қағазы ретінде қолданады?

           8.  Кремний диоксиді  қышқылдық оксид болып табылады.  Кремний диоксидінің натрий гидроксиді
               ерітіндісімен әрекеттесу реакциясының теңдеуін жаз.
           9.  Алмаз бен кристалдық кремнийдің кристалдық торлары бірдей.  Неліктен олардың балқу температу-
               ралары әртүрлі (алмаздың балқу температурасы 3700–4000° С, ал кремнийдің балқу температурасы
               шамамен 1415° C)?

           10. Германий кремний сияқты жартылай өткізгіш болып табылады. Осы жартылай өткізгіштердің қайсы-
               сының электр өткізгіштігі күштірек? Жауабыңды заттардың құрылысы тұрғысынан түсіндір.
           11. Кремнийдің кристалдық торындағы атомдарды бор мен фосфордың атомдарымен алмастыру оның
               электрөткізгіштігіне қалай әсер ететінін түсіндір.
                      ЖОБ
           12. Құрамы К Al Si O  болып келетін кремнийдің табиғи қосылысы – ортоклазда оксидтердің массалық
                          2
                        2
                            6
                              16
               үлесі:
               А.  w(К О) = 18.2%       w( Al О ) =  16.9%    w(SiO ) = 64.9%
                     2                         3                   2
               В.  w(К О) = 16.9%       w( Al О ) =  18.4%    w(SiO ) = 64.7%
                     2                      2  3                   2
               С.  w(К О) =  18.4%      w( Al О ) = 18.4%     w(SiO ) = 64.7%
                     2                      2  3                   2
               D.  w(К О) = 16.5%       w( Al О ) =  17.5%    w(SiO ) = 66.0%
                     2                      2  3                   2
           13. Қалай ойлайсың, неге натрий (Na SiO ) және калий (Na SiO )  силикаттарының ерітінділері фенол-
                                                  3
                                                                   2
                                                                      3
                                              2
               фталеинді қызыл күрең түске бояйды? Жауабыңды реакция теңдеуімен дәлелде.
           14. Егер өнімнің шығымы 75% болса, 10% қоспасы бар 1 кг кварцтық құмнан кремнийдің қандай массасын
               алуға болады?








           162
           162
   157   158   159   160   161   162   163   164   165   166   167