Page 197 -
P. 197
S/м
3. Дәптеріңе масштабты өзің таңдай отырып, екі сурет сал.
а) Қаттылықтары бірдей, биіктіктері әртүрлі екі дыбыс толқынын 1 2
көрсет. 6000
ә) Биіктігі бірдей, қаттылығы әртүрлі екі дыбыс толқынын көрсет.
4000
4. Су ішінде орналасқан және 2 мс периодпен тербелген дыбыс көзі-
нен толқын ұзындығы 2,8 м толқындар пайда болды. 2000 3
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
а) Дыбыс су ішінде қандай жылдамдықпен таралды?
ә) Дыбыс тербелістерінің жиілігі қандай? 0
б) Егер дыбыс көзін су ішінен ауаға шығарса, қандай шамалар 1 2 3 4 f/c
өзгереді?
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
в) Дыбыстың қандай екі сипаттамасы ортаның тығыздығына тәуел- 10.16-сурет. s(t)
сіз? тәуелділігі графиктері
5. 400 Гц жиіліктегі қоңыраудың үнін екі оқушы естіді. Ауада
340 м/с жылдамдықпен таралған дыбыс қоңыраудан бірінші
оқушыға қарағанда екі есе алыс тұрған екінші оқушыға 0,80 с кеш
жетті.
Анықта:
а) Дыбыс бірінші оқушыға қанша уақытта жетті?
ә) Екінші оқушы қоңыраудан қандай қашықтықта тұр?
б) Дыбыс толқынының периоды қандай?
в) Дыбыс толқынының ұзындығы қандай?
6. Бір толқын көзінен таралған толқын ауада және суда таралды
(дыбыстың ауадағы жылдамдығы 340 м/с, судағы жылдамдығы
1500 м/с). Ауа арқылы тараған дыбыс толқындарының ұзындығы
68 см. Анықта:
а) Дыбыс тербелісінің жиілігі қандай?
ә) Судағы дыбыс толқындарының ұзындығы қандай?
б) Дыбыс ауадан суға өткенде дыбыс толқынының ұзындығы неше
есе өзгереді?
7. Дыбыс толқыны ауада 340 м/с, ал суда 1440 м/с жылдамдықпен
таралды. Дыбыстың екі түрлі ортадағы толқын ұзындықтарының
айыр масы 2,2 м. Дыбыстың жиілігін анықта.
8. Дыбыс қаттылығы мен дыбыс биіктігіне толық сипаттама жаса.
197

