Page 53 -
P. 53
5. Төмендегі велотрек айналма жолындағы А және Ә спортшылары
көрсетілген:
а) әр спортшының қозғалыс жылдамдығының бағытын сызба
арқылы көрсет;
ә) жылдамдық векторлары бағытының өзгешелігін түсіндір.
6. Үйдегі кір жуғыш мәшинеде, блендерде, микротолқынды пештің
ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
төлқұжатында айналу жиіліктері көрсетілген. Соған сүйеніп, олар-
дың бірдей уақыттағы айналу сандарының үлесін анықта.
3.13-сурет. «Айжан
7. Үйдегі су және электр энергиясының шығынын көрсететін есеп-
Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
қыз» – «Қыз Жібек»
теуіш құралдардың айналу периоды мен жиілігін анықта. Су мен
операсынан алынған
энергияны үнемдеу үшін есептеуіш құралдан басқа тағы не ұсынар
ескерткіш
едің?
8. 3.13-суретте Өскемен қаласындағы Бәйтеректі айнала би билеп
тұрған 14 қыздың қола мүсіндері қалаға ерекше көрік беріп тұр.
Бұл қыздар Бәйтеректен және бір-бірінен бірдей қашықтыққа
орналастырылған. Егер әр қыздың ара қашықтығы 2-3 қадамнан
болса, Бәйтерекке дейінгі қашықтық қанша метр болады? Қыздар-
дың өзара қандай бұрышпен қойылғанын анықта.
Ә
A
53

