Page 65 -
P. 65

Массасы өзгермейтін дене тұрақты күштің әсерінен тұрақты            1-ТАПСЫРМА
           үдеумен қозғалады, бұл қозғалыс – теңүдемелі қозғалыс деп
                                                                                   Күш тің       ХБ Ж ­ д е -
           аталады. Егер күштің шамасы өзгеріп отырса, онда дененің                гі  өлшем  бірлігі  —
           алатын үдеуі де өзгереді. Онда (4.1) формула арқылы берілген            1  Ньютон  [1  H].  Негіз-
           мезеттегі күштің әсерінен дененің алатын лездік үдеуі есепте-           гі өлшем бірліктер кг,м,с
           леді. Егер күш тұрақты, ал дененің массасы өзгеріп отыратын             арқылы күштің өлшем бір-
                       ЖОБАЛЫҚ НҰСҚА
           болса, онда үдеу де айнымалы болады. Мысалы, зымыран ұшу                лігін өрнек те және 1 Нью-
                                                                                   тон күшінің анықтамасын
           кезінде жанған отын өнімдері сыртқа шығып, оның массасы                 тұжырымда.
           азаяды. Зымыранды үдетуші күш тұрақты, ал оның алатын
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           үдеуі артып отырады. Егер күш дене жылдамдығына бұрыш
                                                                                   ОЙЛАН
           жасай әсер етсе, онда дене қисық сызықты қозғалыс жасайды
           (мысалы, горизонталь лақтырылған денеге перпендикуляр                   Дененің  алатын  үдеуі,
           бағытта әсер ететін ауырлық күші оны жерге қарай тартып,                қозғалыс басталғанға де­
           пішіні парабола болатын траектория бойымен қозғалтады).                 йінгі  дененің  бастапқы
                                                                                   күйіне,  яғни  оның  ты-
               Денеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етуі мүмкін. Мысалы,           ныштықта болғанына не-
           үйкеліс пен ауаның кедергі күші хоккей шайбасының қозға-                месе бірқалыпты түзу сы-
           лысына әсер етеді. Егер денеге n күш әсер етсе, онда дененің            зықты қозғалғанына тәуел­
           алатын үдеуі күштердің векторлық қосындысымен (теңәрекетті              ді ме?
           күшпен) анықталады:
                                               
                                                ...
                                 ∑=F   F1  + F 2  + F n                       (4.2)
               Бұл әртүрлі күштердің бір­біріне тәуелсіз әсер ету принципі-          Күштердің суперпози-
           нен немесе күштердің суперпозиция принципімен түсіндіріледі.              ция  принципі  сыртқы
               Суперпозиция принципі табиғаты әртүрлі күштер үшін де                 денелердің материал-
           қолданылады. Оның көмегімен гравитациялық күш пен та-                     дық  нүктеге  әсер  ету
                                                                                     күштерінің  векторлық
           биғаты электромагниттік болып табылатын үйкеліс күшін де                  қосындысына тең күш
           қосуға болады.                                                            — қорытқы (теңәре-
               Ньютонның екінші заңы да бірінші заң сияқты инерциалдық               кетті) күш деп аталады.
           санақ жүйесінде орындалады. Сондай­ақ, денені материал-
           дық нүкте деп есептейміз. Ньютонның екінші заңы бойынша
           дененің үдеуін анықтап, кез келген уақыт мезетіндегі оның
           жылдамдығын, координатасын (бастапқы координата белгілі
           болса) табуға болады.
               Ньютонның екінші заңы:
            •  жылдамдығы вакуумдағы жарық жылдамдығынан анағұр-
               лым аз дене қозғалысын сипаттауда қолданылады;
            •  толқындық қасиетін ескермеуге болатын макробөлшек-
               тердің қозғалысын сипаттауда қолданылады.
               Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Ньютонның екінші
           заңын қорытып шығарамыз.
               Ньютонның екінші заңы. Инерциалды санақ жүйесінде
           дененің алатын үдеуі денеге әсер ететін барлық күштердің




                                                                                                         65
   60   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70