Page 13 -
P. 13

Ультрадыбысты өткізу жылдамдығы: кез келген материалдың                 ТАЛҚЫЛАУ. Жапырақтың
           құрамында майдың мөлшері көп болған сайын оның ультра-                  бетінде балауыздан тұра-
                                                                                   тын  жұқа  қабат  болады.
           дыбысты өткізуі баяулайды.
                                                                                   Жапыраққа тамған су оған
           Полярлылығы: липидтер полярлы емес.                                     сіңбей,  домалап  кетеді.
           Қалқығыштығы: липидтердің тығыздығы төмен болғандықтан,                 Неліктен?
           стероидтар – липидтер кездеседі. Жасушалық тыныс алудың ҰСҚА
           олар су бетінде қалқиды.

           Липидтердің биологиялық қызметтері                                       ЕСІҢДЕ САҚТА!
                                                                                   1 моль липид ыдырағанда
               Липидтер  кез келген жасуша мембранасының құрылымдық
   Барлық құқықтар "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰҰ-ға тиесілі
           бөлігі болып табылады. Мысалы, холестерин мен фосфолипид                39  кДж  энергия  бөлініп
                                                                                   шығады.
           жасуша мембранасын құрайды. Триглицеридтер тері астындағы
           шел қабатында қорға жиналады. Себебі олар полярлы емес
           болғандықтан суда ерімей ұзақ сақтала алады.
                    ЖОБАЛЫҚ Н
               Липидтерде оттекке қарағанда сутек атомының саны көп                 СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
           болғандықтан ыдырағанда көмірсулардан көп энергия бөледі.               Түрлі  шипажайлар  мен
           Эстроген, тестостерон сияқты кейбір гормондардың құрамында              клиникаларда  ағзадағы
                                                                                   артық  «майды  ерітудің»
           нәтижесінде «метаболиттік су» деп аталатын химиялық реак-               хирургиялық  емес  кос-
           циядан түзілген суды бөледі. Жылу мен иондарды өте нашар                метикалық тәсілдері ұсы-
                                                                                   нылады.  «Майды  еріту»
           өткізетіндіктен майлар жақсы жылу- және электроқшаулағыш                процедурасы майды еріт-
           болып табылады. Липидтердің суда қалқығыштығы кит, түлен,               кіш  препараттарды  май
           дельфин сияқты жануарлардың суға батпай, жүзуіне көмекте-               жасушалары көп шоғыр-
           седі. Липидтер суда ерімейтіндіктен жақсы суоқшаулағыш болып            ланған жерлерге егуге не-
           табылады. Липидтер ағза жасушаларын кеуіп кетуден сақтайды.             гізделген. Оның қауіпсіздігі
                                                                                   ғылыми тұрғыдан дәлел-
           Ағзадағы мүшелердің сыртын қоршап, соққыдан зақымдалу-                  денген.
           дан қорғайды. Мысалы, балауыз өсімдік мүшелерін қаптаса,
           триглицеридтер жануар мүшелерін қоршап, ішкі бөліктерін
           қорғайды. Бүйрек, жүрек сияқты мүшелер маймен қоршалады.

                                                                                       Ядро
             ӨЗІҢДІ ТЕКСЕР
                                                                                 Триглицерид
             1.  Неліктен липидтер суда ерімейді?                                 Цитоплазма

             2.  Эмульсия деген не?                                                         Ақ май жасушасы
             3.  Майлардың эмульсиялану қасиетін күнделікті өмірде қалай пайда-
                 лануға болады?                                                     Митохондрия
                                                                                                  Ядро
           КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА.                                                                      Триглицерид
              Майды  жинайтын  жасушаның  екі  түрі  болады:  қоңыр  және  ақ  май                Цитоплазма
           жасушалары. Тропиктік жағдайлардағы сүтқоректілерге қарағанда суық
           мекен ортасында кездесетін сүтқоректілерде қоңыр май көбірек болады.     Қоңыр май жасушасы
           Берілген суретті пайдаланып, осы екі түрлі май жасушаларының құрылы-
           сы мен қызметіндегі айырмашылықты сипатта.
                                                                                   ▲  Қоңыр және ақ май
                                                                                   жасушалары

                                                                                                         13
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18